«Приречное ЖОББМ» КММ
Бастауыш пән мұғалімі: Асайенова Алмагуль Ергазыевна
Мақсаты: Критериалды бағалаудың құрылымы туралы түсінік беру
Жоспары:
1. «Критериалды бағалау құрылымы» презентация
2. Сабақтан үзінді «Менің отбасым»
3. Рефлексия
Көрнекілігі: «Баспалдақ табысы» смайликтер, түрлі-түсті қарындаштар, фламастерлер, ақ қағаздар, постер, мультимедиялық презентациясы т.б.
Әдіс-тәсілі: жеке жұмыс, топқа бөлу.
Жүру барысы: Кіріспе: Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Критериалды бағалау дегеніміз не? Критериалды бағалау – бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өтеді.Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады.
2. Сабақтан көрініс. Дүниетану пәні. Тақырыбы: «Менің отбасым»
Психологиялық ахуал
М: Сәлеметсіңдер ме, барлықтарыңызды шаттық шеңберге шақырамын.
Көтеріліп шаңырақ
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп
Өрімдей боп өрілер
Дөңгелене жүрсек біз
Киіз үй болып көрінер
М: Біз ненің бейнесін жасадық?
Б: Киіз үйдің
М: Осы киіз үйдің күмбезін не деп атайды?
Б: Шаңырақ
М: Шаңырақ астында кімдер тұрады?
Б: Адамдар, отбасылар т.б.
М: Бүгін біз қандай тақырыпты қозғаймыз деп ойлайсыздар?
М: Жақсы, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің отбасым» жайында.
М: Мен сіздерге бір жұмбақ жасырып көрейін. Сіздер мені мұқият тыңдап, дұрыс жауап беруге тырысып көріңіздер.
«Жұмбақты ойлан»
Маған да, саған да,
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын.
Онға оқы, солға оқы
Өзгермейді еш одан.
Бәрі-де өз жұртың
Айтады, қане кім атын?
Б: Ата, апа, ана, аға, іні.
М: Өздеріңіз көріп, тауып, анықтаған суреттелген атауларды кім дұрыс атай алады?
Б: Отбасы мүшелері.
М: Бұдан басқа тағы қандай отбасы мүшелерін білесіздер?
М: Осылардың барлығы бір сөзбен отбасы деп аталады.
М: Енді осы отбасы мүшелерінің негізін құрайтын негізгі үш тірегі кімдер?
О: Әке, ана, бала.
М: Ендеше осы атаулар бойынша үш топқа бөлінеміз.
Топтастыру
І топ: «Әке»
ІІ топ: «Ана»
ІІІ топ: «Бала»
1-тапсырма: Топтық жұмыс
І топ: «Ойлар душы» тәсілі бойынша топта барлық мүшелер өз идеяларын жинақтап, суретпен сәйкестендіріп, себебін түсіндіреді.
«Ойлар душы»
Дескриптор:
- Әкенің суретін тауға сәйкестендірді.
- Ананың суретін бұлаққа сәйкестендірді.
- Баланың суретін шөпке сәйкестендірді.
- Себебін түсіндіреді.
ІІ топ: «Балық қаңқасы» стратегиясы бойынша отбасы мүшелерін балықтың үстіне, ал балықтың астынғы жағына міндеттерінің суретін орналастыру.
«Балық қаңқасы»
Дескиптор:
- Отбасы мүшелерін балықтың үстіне орналастырады.
- Балықтың астыңғы жағына отбасының міндеттерінің суретін орналастырады.
ІІІ топ: «Сәйкестендіру» тәсілі
Сұрақтары |
Жауаптары |
Сенің анаңның анасы саған кім болады? |
ата |
Менің анамның қызы, бірақ мен емес? |
нағашы әже |
Сенің әкеңнің әкесі? |
Әпке |
Сенің әкеңнің ағасы саған кім болады? |
әпке, сіңлі |
Сенің әкеңнің әпкесі саған кім болады? |
көке |
Дескриптор:
- сұраққа қатысты туыстық атауларды (нағашы әже) сәйкестендіреді.
- сұраққа қатысты туыстық атауларды (әпке, сіңлі) сәйкестендіреді.
- сұраққа қатысты туыстық атауларды (ата) сәйкестендіреді.
- сұраққа қатысты туыстық атауларды (көке) сәйкестендіреді.
- сұраққа қатысты туыстық атауларды (әпке) сәйкестендіреді.
Әр топ бір–бірін өзара «Баспалдақ табысы» арқылы бағалайды.
Сергіту сәті: «Бармақтар отбасы»
Қорытынды:
«Мозайка» тәсілі бойынша киіз үйдің әрбір бөліктеріне сабақты қорытындылауға арналған ашық сұрақтар беріледі.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не?
- «Отбасы» деген сөзді қалай түсіндік?
- Сенің отбасыңда неше адам бар?
- Өз отбасың туралы не айта аласың?
- Отбасыңдағы өз орның қандай?
- Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
- Отбасы мүшелерінің міндеттерін ата?
Рефлексия.
Сіздердің алдарыңызда алмалар жатыр, сол алманы ұнаған түстеріңізге бояңыздар. Алманың артқы жағына бүгінгі ата-аналар жиналысынан қандай әсер алдыңыздар және қандай тілектеріңіз, ұсыныстарыңыз бар болса, соны жазуларыңызды сұраймыз. Жазып болсаңыздар ой бөлісіп, алмаларыңызды «Тілек ағашына» іліп, мейірімді сөздермен нәрлендірейік.
Осы «Тілек ағашы» сөздің өсіп келе жатқан балаңыз деп қабылдаңыз. Бала тәрбиесінде белсенді, мейірімді, салмақты, сабырлы, шуақты болыңыздар!
Бұл ағаштың жемісі – алма болса, біздің жемісіміз – балаларымыз, әрқайсысымыз өз балаларымыздың жемісін көрейік.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі