Өлең, жыр, ақындар

Пациенттің жеке бас гигиенасы

Қызылорда медициналық жоғары колледжі
"Мейіргер ісі негіздері" пән оқытушысы
Зейнебай Гүлзира Ермұратқызы

Сабақтың әдістемелік талдамасы

1. Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: Пациенттің жеке бас гигиенасы

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ                                                                                               

Сабақты өткізу әдісі: түсіндіру-иллюстрациялық, стандартталған пациенттерді қолданып өткізілетін тәжірибелік сабақ, блум түймедақ, үш өлшемді оқыту технологиясы.

Сабақтың типі: практикалық іс-машықтықты және біліктілікті қалыптыстыру.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Білім алушыларға ауыр халдегі пациенттердің жеке бас тазалықтарының күтімін жасауды үйрету.

Тәрбиелік: Білім алушыда оқыту барысында тәртіптілік, жауапкершілік, мейірімділік, нақтылық, пациенттерге назар аударуы, өз ойын тұжырымдап айта білуге және өзгелердің ой-пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Білім алушыда оқыту барысында қалыптасатын өз бетінше шешім қабылдау, аналитикалық ойлау т.б. қабілеттерін дамыту.

Пәнаралық байланыстар:

Пән: Адам анатомиясы

Тақырыбы: «Есту мүшесі», «Көз алмасы», «Тері»

Адам физиологиясы:

Тақырыбы: «Ас қорыту жүйесі», «Тыныс алу жүйесі», «Сезім мүшелерінің физиологиясы»

Валеология:

Тақырыбы: «Жеке бас гигиенасы»

Пәнішілік байланыс тақырыптары:

«Ауыр халдегі пациенттің киімін, төсегін ауыстыру тәсілдері. Тері күтімі, ойылудың алдын алу, емі», «Пациенттің  төсек тәртібі ,белсенділік режимі», «Дене биомеханикасы», «Залалсыздандыру түрлері мен әдістері».

Сабақтың ұзақтығы: 180 мин

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, видеоролик, плакаттар, клеенка, жайма, лоток, жылы су, үлкен салфетка немесе сүлгі, ауыстыратын төсеніш, киімдер, қайшы, медициналық қолғап, Антисептикалық  ерітінді 0,02% фурациллин, зарарсыздандырылған мақта тампоны, зарарсыздандырылған лоток, пинцет, пайдаланған тампондарды салуға арналған ыдыс, өзіндік жұмысқа арналған кесте, стандарттар, слайдтар,

Сабақтың құрылымы

1. Ұйымдастыру сәті - 5 минут

Аудиторияның, кабинеттің және топтың сабаққа сыртқы дайындығын тексеру, сабаққа қатыспаған білім алушыларды белгілеу, білім алушыларды сабақ жоспарымен және  өткізу әдістерімен таныстыру.

2. Тірек білімдерін (теорияда алған) актуализациялау - 25 минут

Білімді тексеру тәсілі: «Блум түймедағы» әдісі арқылы ауызша сұрау

Білімді тексеру материалдары және бағалау критерийлері қосымша 1-ге тіркелді.

3. Манипуляциялардың,  лабораториялық жұмыстардың,  мейірбикелік күтім жасаудың, мейірбикелік кеңес берудің орындалу техникасын меңгерту-40 минут.

Жаңа тақырыпты меңгерту тәсілі: түсіндіру-иллюстрациялық, тәжірибелік.

Жаңа тақырыпта қаралатын сұрақтар тізімі:

1. Ауыз қуысының күтімі;
2. Көздің күтімі;
3. Мұрын күтімі;
4. Құлақ күтімін жүргізу;
5. Шаш күтімін жүргізу;
6. Төсекте аяқты жуу;
7. Тырнақ күтімін жүргізу

Жаңа тақырыпты меңгерту материалдары және тапсырмалар қосымша 2-ге тіркелді.

4.  Білім алушылардың өз бетінше орындауына тапсырма беру және орындалу тәртібі жөнінде әдістемелік нұсқау  жүргізу-10 минут

Тест тапсырмалардың қалай орындалуын түсіндіру. Тек бір ғана жауабы дұрыс, соны белгілейді. Жағдаяттық тапсырмаларды орындайды. Пациентке күтім көрсету кезінде этика-деонтилогияны сақтау, қарым-қатынас жасай білу. Аяқ күтімі, шаш күтімі, көз, ауыз, құлақ күтімдерін стандарт бойынша орындауды түсіндіремін. Процедура кезінде пациентке қауіпсіздік ережесін сақтауды үйретемін.

5. Білім алушылардың өз бетінше жұмысы – 60 минут.

Ауыз, құлақ, көз, мұрын, аяқ, шаш, терінің күтімін фантомдарға стандарт бойынша көрсетіп, орындайды.

Білім алушылардың өз бетінше орындайтын тапсырмалары және орындалу тәртібі жөніндегі материалдар Қосымша 3-ке тіркелді.

6. Әр білім алушының өз бетінше орындаған тапсырмаларын басқа білім алушылар және оқытушы алдында демонстрациялауы немесе баяндауы және оқытушының бағалауы - 30 минут.

(бағаларға комментарий беру, бағалау парағын толтыру).

 “5” - барлық тапсырмаларға жауап берген және белсенді қатысқан оқушыға қойылады.

“4” – бүгінгі тақырып бойынша сұрақтарға дұрыс жауап берген, бірақ аздаған қателіктер жіберіп, өзі жөндеген оқушыларға қойылады.

“3”- стандарттарды, тапсырмаларды  толыққанды орындамаған, қателерді оқытушының өзі жөндейді.

“2”- сабаққа дайындықсыз келген, тапсырмаларға мүлдем жауап бермеген оқушыларға қойылады.

7. Үйге тапсырма беру-5 минут

Жаңа тақырып бойынша білім алушылардың үйде өз бетінше диалог түрінде эссе жазу, ауруханада пациенттерге жеке бас гигиенасын жүргізуде мейіргердің іс-әрекеті ережесін ізденіп келу, ситуациялық есеп құрастырып стандарт бойынша орындауына тапсырма беру, ақпарат көздерін, тақырыпты қамтамасыз ететін пәнішілік және пәнаралық байланыстарды атау (қосымша №4).

Пациенттің жеке бас гигиенасы.

Қосымша №1     

Тақырып бойынша теориялық білімді тексеру үшін «Блум түймедағы» әдісі арқылы ауызша сұрау жүргізіледі.

«Блум түймедағы» тапсырмасы жеке сұрау өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары.

Нәтижесі ауызша марапатталады.

1. Қарапайым сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, қандайда бір дәлелін айту, еске түсіру, қандайда бір мағлұматты жеткізу. Қандай...?, қайда...?, қашан...?, қалай..?

1-сұрақ

Ойылу деген не? Ойылу қайда пайда болады? Ойылу қашан пайда болады?

Жауабы:

Ойылу-тері мен жұмсақ тіндердің зақымдану болып табылады. Науқас адам төсекте ұзақ жатқан жағдайда  оның терісін күтудің маңызы зор,  өйткені, ауыр науқастанған адамдардың жүдеулеріне байланысты бұлшық еттер азайып,терілері сүйектеріне жақындайды, сүйек батқандықтан тері тесіледі. Ойылу пайда болатын жерлер: қарақұс, жуырын, омыртқа, шынтақ, құйымшақ, өкше, тізе, өкше қыры.

2. Нақтылайтын сұрақ. Алған ақпаратты анықтау үшін бағытталған, яғни Неліктен...?, Кейін ...?, Түсіндіріңіз...?

2-сұрақ

Менің түсінгенімде ойылуға алып келетін негізгі факторлар - ол....?

Жауабы:

Ойылуға әкелетін негізгі үш фактор анықталынған: қысым, кесіп өтетіндей күш, үйкеліс.

Қысым- науқастың өз дене салмағының әсерінен салмақ салып жатқан жағындағы тіндер қысылады. Тіндердің қысылуы әсерінен тамырлардың диаметрі кішірейеді, ишемия себебінен тіндердің қоректенуі бұзылады. Тіннің толық қысылуы жағдайында екі сағат ішінде ол шіриді.

Жарақатқа бейім тіндердің ойылуы ауыр төсеніштердің, қысып байлағанның, киімнің тиюінен   күшеюі мүмкін.

Кесіп өтетін күш,, - тіндердің механикалық зақымдануы және бұзылуы тікелей емес қысылудың әсерінен болады. Ол салмақ салған жақтағы тіндердің орнынан ығысуынан болады. Одан төмен жатқан тіндердің қан ай»налымы бұзылады, тін оттегі жетіспеушілігінен өледі. Тіндердің ығысуы науқас төсекте төмен жылжып немесе басымен жоғары жылжу жағдайларында пайда болуы мүмкін.

Үйкеліс-ол кесіп өтетін күштің бір компоненті болып саналады. Ол тері қабатының сыпырылып, жараның пайда болуына әкеледі. Үйкеліс тері ылғалданғанда күшейеді. Мұндай құбылысқа зәрін ұстай алмайтын науқастар, терді көп бөлетін науқастар, ылғал төсеніште жатқан науңқастар немесе су тартпайтын төсеніште жатқан науқастар көп ұшырайды.

Бағалайтын сұрақ (салыстыру). Ойлаудың эмоциональды жағын арттыру үшін бағытталған. Сіз қалай ойлайсыз? Неге мынау жақсы? Неге мынау жаман?

3-сұрақ

Ойылу пайда болған жағдайда ..... дұрыс, ..... дұрыс емес?

Жауабы:

Науқас денелерінде мәжбүрлі қалпында анықталатын ойықтардың орналасуы Арқасында жатқан қалпында (сурет 62 а):

— өкше сүйектерінің дөңес аймағында
— сегізкөз; құйымшақ
— жауырын
— шынтақ буындарында
— кеуде омыртқаларының қылқанды өсінділерінің үстінде
— сыртқы қарақұс аймағында

Ішімен жатқан қалпында (сурет)

— сирақтың сыртқы беткейінде
— тізе аймағында
— мықын сүйектерінің қырлары
— қабырға доғасының жиегінде

Ойықтың жиі орналасатын жерлері

а – арқасында жатқан қалпында, б – ішінде жатқан қалпында

Қырымен жатқан қалпында:

— тобықтың латеральді аймағында
— сан сүйегінің үлкен ұршығында
— аяқтарының бір-біріне тығыз қосылған жерінде және ішкі беткейінде

Отырған қалпында:

— бөксе аймағында
— сегізкөзінде
— аяқ басында
— жауырындарда
— тізелерде

Шығармашыл сұрақ. Не болар еді? Не болды, егер де,...?

4-сұрақ

Ойылу болған жағдайда күтім дұрыс болмаса не болар еді?

Жауабы:

1-ші дәреже.Эпидермальді және тері қабаттарымен сипатталады. Науқас терісінде тұрақты қызарумен, көкшіл таңбалар пайда болады. Олар басқан кезде жоғалмайды және сау тіндерге таралмайды. Бұл дәрежеде үрдіс қайтымды және басылуды жойғаннан кейін қанайналым қалпына келеді.

2-ші дәреже. Тері жамылғысының бүтіндігінің терең емес бұзылыстары май шелі қабатына таралғандығы айқын байқалады. Басылған жерлерде тұрақты көкшіл тартқан гиперемия байқалады. Терінің тырналып зақымдалуы, көпіршіктер мен терең емес кратерлер пайда болады.

3-ші дәреже. Тері жамылғысының барлық қабаттарында бұлшықетке дейінгі қабатта толық бұзылыс немесе тіндердің некрозы дамиды. Патологиялық үрдіске бұлшықеттерде шалдыққан. Сұйық бөліністер болуы мүмкін.

4-ші дәреже. Барлық жұмсақ тіндер зақымдалған. Зақымдалған тіндерде – теріде, бұлшықетте, сіңірде (сүйекке дейін) қуыстар пайда болады. Тіндерде жылан көздер мен қуыстар кездеседі.

Түсіндіруші сұрақ. Белгілі бір нәрсені шешу үшін жаңа идеяларға итермелеуі мүмкін және түсініксіз іс-әрекеттердің себебін анықтауға көмектеседі. Неліктен? Неге? Не үшін?

5-сұрақ

Тері ойылуынын даму қаупінде Нортон, Ватерлау шкалалары неліктен қолданылады? 

Жауабы:

Нортон шкаласы бойынша: балл қаншалықты аз болса, соншалықты қауіп жоғары. 14 немесе одан төмен баллды суммада науқас қауіп аймағына енеді, ал 12 балдан төмен болса жоғарғы қауіп аймағына енеді. Бұл мейірбике бақылау картасымен қосылғанда шкала қолданысқа өте ыңғайлы, себебі күнделікті есептелген балл саны тіркеледі және соған байланысты ойық жараның алдын алатын мейірбикелік шаралар қолданылады.

ЕСМ-дің бөлімдерінде ойық жараның алдын алу мақсатында универсальді Waterlow бағалау шкаласы бойынша қолданылады. Оның қойған мақсаты «естелік жазба» сұрақтары бойынша ойық жараның алдын алу болып табылады. Аталған карта ойық жараға әкелетін факторларды анықтап, ойықтың даму қаупін бағалауды және алдын алуды және емдеуді қамтамасыз

Ватерлоу шкаласы

Waterlow шкаласы бойынша: балл қаншалықты жоғары болса соншалықты қауіп жоғары. Қортынды нәтижемен балдар қосылып, қауіп дәрежесі анықталады:

1-9 балл - қауіп жоқ

10-14 балл – қауіп бар               

15-19 балл - жоғарғы қауіп дәрежесі      

20 балдан жоғары - өте жоғарғы қауіп дәрежесі      

Эндогенді ойықтың пайда болуының алдын алу үшін келесі нұсқаулар беріледі:

  • Нортон немесе Ватерлоу шкалаларын пайдалана отырып науқас жағдайын үнемі бағалау
  • Науқас қалпын әрбір 1,5-2 сағат сайын өзгерту (түнгі уақыттада): Фаулер және Симс қалыптары, оң және сол жақ бүйірімен, ішіне (егер қарсы көрсеткіш болмаса) жатқызу. Қалып түрлері науқастың жағдайына және ауруына сәйкес ауыстырылады. Егер науқас төсегінде өз бетінше ауысқан болса, онда оны мадақтап, көмектесуіміз қажет.
  • Науқасты төсекте дұрыс ауыстыру – төсектен көтеріп дене қалпын өзгерту.
  • Арнайы құрылғыларды қолдану: қолға және аяққа білікше (білікше орнына жастық қолдануға болады), табан астына тірегіштер қолдану.Ойық жараның пайда болуы мүмкін жерлері төсекке тимес үшін тыспен қапталған немесе жаймамен жабылған резенкелі дөңгелекті қолданады.
  • Төсекте биомеханика ережелеріне сәйкес науқастың ыңғайлы жатуын бақылау
  • Төсек жағдайын қадағалау (тамақ қалдықтарын сілку, төсек жаймасында қатпарлардың болмауын, тегістігін жасау).
  • Науқастың киімінің жағдайын тексеру (лас киімді уақытылы ауыстыру; науқас денесіне бағытталған дөрекі тігісті, ішкі түймелері бар киімдерді қолданбау).
  • Тері жағдайын күнделікті тексеру.
  • Терінің әлсіз жерлерін сабынды жылы сумен немесе дезинфицирлеуші ертінділермен күніне 2 рет өңдеу жүргізу (қажет жағдайда бірнеше рет).
  • Терінің құрғақтығында ылғалдайтын иісмайларды қолдану, әсіресе болашақ ойық пайда болатын жерлерді. Күшті тер бөлініс кезінде - құрғататын сепкіш қолдану.
  • Науқастың тағамдық рационын бақылау (қолданатын тағамның сапалық және сандық қасиеттерін). Рационында қажетті ақуызды, минералды тұзды және дәруменді сапасын бақылау. Қажет жағдайда диетаға өзгеріс енгізу.
  • Сұйықтық қабылдау режимін бақылау – тәулігіне қолданатын сұйықтық санына қарсы көрсеткіш болмаса 1,5 л аз болмауы керек. Сұйықтық саны азайса зәр концентрациясының жоғарлауына әкеледі, бұл зәр шығару жолдарының инфекциясын даму қаупін жоғарлатады.
  • Зәр тоқтамаған жағдайда үлкендерге арналған памперстерді қолдануға болады, оны уақытылы ауыстырып отырған жөн (4 сағат сайын). Ер адамдарға сыртқы зәр қабылдағыштарды қолдануға болады.

Практикалық сұрақ. Сіз қалай орындар едініз? Қай жерде колданады?

6-сұрақ

Ойық жараны қалай емдейсіз?

Жауабы:

1. Әрбір екі сағат сайын науқасты бірнеше минут қырындатып  жатқызып отыру керек;
2. Науқастың  төсегінде, іш киімінде денесіне бататын қыртыс болмау керек. Бұл үшін күніне оның төсегін 2-3 рет  қағып, қайта салған дұрыс;
3. Мейірбике науқас терісінің тазалығы мен түрінің өзгерген - өзгергенін үнеме бақылап отыруы керек. Әсіресе жоғарыда айтып өткен қауіпті, терінің ерте зақамданатын жерлерін көзден таса қылмаған жөн.
4. Егер терінің түрі өзгеріп, жараның алғашқы белгілері білінсе, таңертең және кешке ойылуы мүмкін жерлерді салқын сумен сабындап жуып, құрғатады, камфора спиртімен  немесе салицил спиртке батырылған салфеткамен сүртіңіз.
5. Жамбас сүйегінің астына  дөңгелек резеңке, өкшеге және шынтақ астына мақтаны дікеге орап, дөңгелек жастықша етіп қою керек;

Ауыр халдегі пациенттің киімін ауыстыру

Жауабы:

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру және келісім алу.
2. Медбике қолын жуып кептіру.
3. Медбике қолын науқастың оң жамбасының астына қойып көйлек етегін тауып алады.
4. Көйлекті ақырындап бас жағына қарай көтереді.
5. Екі қолын көтеріп көйлекті әуелі басынан, сосын қолынан шығарады.
6. Көйлекті киіндіргенде керісінше істелінеді. Көйлектің жеңінен әуелі қолын, сосын басын кигізеді.
7. Көйлек етегі жазылып дұрысталады.
8. Егер қолдың жарақаты болса, көйлекті алдымен сау жақтан босатады, сосын жарақаттанған қолдан шешеді.
9. Алынған мәліметті температура парағына 004 есеп формасына белгі соғылады.
10. Лас киімдерді клеенка қапқа жинайды.
11. Қолғапты шешу, жуу, кептіру.

Пациенттің төсек-орнын ауыстыру

Жауабы:

1. Таза жайманы, ұзыннан жартысына дейін орау.
2. Науқастың басын көтеріп, жастықты алу.
3. Науқасты бір бүйірінен жатқызу және көмектесу.
4. Лас жайманы шетінен науқасқа қарай орау.
5. Босаған матрац бөлігіне таза жайманы төсеу.
6. Науқасты алдымен арқасынан, сосын бүйірімен таза жайма үстіне жатқызу.
7. Лас жайманы алу.
8. Таза жайма орамын тегістеп, матрац үстіне жаю, шетін бүгу.
9. Жастықтың тысын ауыстыру.
10. Жылы жапқыштың тысын ауыстыру.
11. Клеенка қапқа лас төсеніштерді салу.
12. Қолғапты шешу, қолды жуу, кептіру.

Қосымша №2

Үш өлшемді оқыту технологиясын және түсіндіру-иллюстрациялық, стандартталған пациенттерді қолданып медбикелік күтім жасаудың техникасын меңгерту

1-қадам  - теория бойынша «Білу» : (тақырып мазмұнынан кім?не?қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек).

«Білу» қадамына арналған сұрақтарға оқушылар ауызша жауап береді:

Мақсаты: Пән-аралық байланысты қамти отыра оқушылардан сұрау.

Күтілетін нәтиже: Оқушы анатомия-физиологиялық құрылымын өткен мүшелерге анықтама беру.

1. Көз алмасының қабықтарын атаңыз.

Жауабы:

1. Талшықты қабық-көз алмасын сыртынан каусырып, қорғанаш қызметін атқарады.Оның артқы үлкен бөлімі ақ қабық, ал алдыңғы бөлімі мөлдір қабық деп аталады.
2. Көз алмасының тамырлы қабығы- тамырларға бай, жұмсақ, пигменттерге орай қара түсті.
3. Нұрлы қабық-тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігін құрайды және дөңгелек, қарашық деп аталатын тесігі бар, тік тұратын шеңбер тәрізді қабықша.
4. Торлы қабық – көз алмасының үш қабығының ең ішінднгісі,ол тамырлы қабыққ қарашыққа дейін жанасып жатыр.

2. Мұрын қуысының анатомиялық құрылымы мен қызметін атаңыз

Жауабы: Мұрын қуысы бір бөлігі сүйекті, екінші бөлігі шеміршекті қаңқадан түзілген. Мұрын қуысы мұрын қалқасы арқылы екі симметриялы жартыларға бөлінген, олар алдыңғы жағынан сыртқы мұрын арқылы танаулардың көмегімен атмосфера ауасымен, ал артқы жағынан хоандар арқылы жұтқыншақпен қатысады. Мұрын қуысы арқылы дем алғанда ауа шаңнан тазартылып, жылынып, ылғалданады.

3. Есту мүшесінің анатомиялық-физиологиялық құрылымын атаңыз

Жауабы: Есту мүшесінің шеткі бөлігі сыртқы, ортаңғы, ішкі болып 3 бөлімге бөлінеді. Алғашқы екі бөлім тек дыбыс тербелістерін өткізуге арналған, ал үшінші бөлімде дыбыссезгіш және статикалық аппараттар орналасады. Есту қабылдағышы ішкі құлақтың иірімді түтігінде орналасады. Дыбыс толқындары оларға бірнеше жүйелі құрылымдар арқылы сыртқы дыбыс тетігі, дабыл жарғағы, есту сүйекшелері, лабиринт сұйықтығы және негізгі жарғақ арқылы тікелей жеткізіледі.

4. Ауыз қуысының анатомиялық физиологиялық құрылымын атаңыз. Жауабы: Ауыз қуысы (полость рта- cavitas oris), немесе ауыз (рот-stoma) ас қорыту жолының бастапқы бөлігі, алдынан және бүйірінен ерінмен, ұртпен шектелген, жоғарыдан қатты және жұмсақ таңдаймен, төмен жағынан ауыз табанымен шектелген. Еріндер  бір-бірімен жанасқанда ауыз тесігі саңылауға ұқсас, ал ашқан кезде домалақ пішінге ие. Алдыңғы бөлігі - ауыз кіреберісі (преддверие рта- vestibulum  oris) алдынан және бүйірінен ерінмен және ұрттармен шектелген, төбесі және табаны ауыспалы қатпарлармен шектелген, ішкі  жағынан тістермен, альвеола өсінділерінің кілегей қабығымен шектелген. 

2-қадам теория бойынша «Түсіну»: (тақырып мазмұнынан (неге? неліктен? себебі? не үшін?  деген сұрақтарға жауап беру үшін оқытушы медбикелік күтім жасаудың техникасын меңгертеді)

Мақсаты: Жеке бас гигиенасының маңыздылығын түсіндіру және тәжірибелік іс-машықтығын қалыптастыру

Күтілетін нәтиже: Пациентке жеке бас гигиенасын сақтауда мейіргерлік күтімді жүргізу

«Түсіну» қадамында қамтылатын сұрақтар:

1. Науқастың жеке бас гигиенасының маңыздылығы
2. Шаш күтімін жүргізу
3. Көз күтімін жүргізу
4. Мұрын күтімін жүргізу
5. Құлақ күтімін жүргізу
6. Ауыз күтімін жүргізу
7. Аяқ күтімін жүргізу

1. Науқастардың тез жазылып кетуі тек қана ем ретінде қолданған дәрі–дәрмектерге ғана емес оның күтіміне байланысты. Медицинада  емдеу  үтім деген түсініктер бір–бірінен ажыратуға болмайды. Себебі, науқастың қабылдап жатқан емі дұрыс болғанымен, күтімі нашар болса, мұндай науқастың хал–жағдайы жақсармақ түгіл нашарлап кетуі мүмкін. Сондықтан да аяжаннан ауру күтім кезеңдерін, әдістерін білуі және оларды дұрыс қолдануы өте маңызды деп есептеледі. Науқастың жағдайы неғұрлым ауыр болса, онда оның күтіміде соғұрлым қиын  болады. Ауыр халде жатқан науқасқа көрсетілетін күтімінің  бір бастылары мыналар: ауыз, құлақ, мұрын, көз, шаш, тері күтімі, ойықтың алдын алу және оны емдеу. Аталған күту шараларын күн сайын, өз уақытында жүзеге асырып отыруы әрбір аяжаннан өз мінжеті деп білуі керек.

2. Шаш күтімі науқастың басы 7-10  күнде бір рет сабынмен немесе су сабынмен жуылып тұру керек, қабылдаубөлімшеде түскен  науқастардың бәрінің шашын тексеріп бит табылса оны тазалап, 10 күннен кейін қайта тексеру керек. Шашын «Антибит» шампунімен немесе «К» - сабынымен жуу керек. «К» - сабынымен  жуғаннан кейін 40 минутқа басын клеенкамен орап, кейін шампуньмен, сосын 5 проценттік сірке қықылымен шайу керек. Егер  шашта  қайызғақ  қана болса  оны сірке қышқылының ерітіндісіне тарақты батырып алып шаштан қысқасын түбінен ұшына қарай, ал ұзын шашты – паралельді  бумаларға бөліп–бөліп, оларды ұшынан түбіне қарай, жұлмаламай, тарау керек. Бұл әдіс шаштың кірінде жақсы тазартады. Науқастың режимі жалпы режим болса, онда оның шашын гигиеналық ванна алғанда жуады. Егер науқас төсек тартып жатса, онда оның шашын төсек орнында жуады. Легенді керуеттің  бас жағына қойып, науқастың басын желкесіне дейін шалқайтып, астын көтеріп қояды. Шашты сабындағанда бастың терісін жақсылап  жуып алу керек. Содан соң шашты құрғатып сүртіп, мұқият тарайды. Шашын жуған басына аяжан құрғақ сүлгі немесе үшкіл байлайды. Әр науқастың өз тарағы болу керек.

3. Көз күтімі.  Сырқаттан көзін күту аяжаннан ерекше назар талап етеді. Көзден ірің ақса, онда 0,02 проценттік фурацилинге мақта томпонын  батырып отырып көздің сыртқы шетінен бастап ішкі  шетіне қарай сүрту керек. Көздің ішкі қабаты қабынғанда, ірің пайда болғанда немесе  химиялық заттармен күйгенде 1:5000 риванол,1: 5000 перманганат калий ерітінділерімен жуу керек. Көзге тамызатын дәрі залалыздалған  болуы қажет, себебі залалсыздалмаған ерітіндіден көзге инфекция түседі. Дәріні пипеткамен тамызады. Медбике көзге дәрі тамызудың немесе май жағардың алдында қолын щеткамен сабындап жуып, спиртпен сүрту керек.

4. Мұрынның ішін күту және оған дәрі тамызу әдісі. Жалпы режимдегі  науқастар өз мұрындарын өздері тазалауға тиісті. Ал ауыр халдегі әлсіз науқастарға мейірбикенің көмегі қажет. Мұрынды тазарту үшін мейірбике науқастыңі мұрынына вазелинге немесе глицеринге малынған дәкені жайлап тығып қояды да арада 2-3 минут өткеннен кейін оны қайтадан алып тастайды. Сөйтіп әлгі дәкеге сіңген вазелин немесе глицерин мұрынның ішкі шырышты қабығына қатқан қабыршақтарды жібітеді де олардың оңай алынуына көмектеседі. Науқас адамның мұрнына дәрі тамызар алдында жоғарыда айтылғандай әдіспен мұрынды тазалап болғаннан кейін, аурудың басын шалқайтып, екі танауына пипеткамен 6-7 тамшы, ал майлы дәрі болса 15-20 тамшы тамызады.

5. Құлақ күтімі. Жалпы режимдегі науқастар таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін құлақтарын жуу керек. Ажан ұзақ уақыт төсек тартып жатқан сырқат құлағын оқтын–оқтын тазалап тұруы тиіс, себебі адамның құлағына құлық қатса, ол нашар еститін болады. Құлақты 3 проценттік сутегі тотығыың ерітіндісін тамызып тазартады. Егер құлық көп болса, оның үстіне қатып қалған болса, онда шашамен 150 мл – дей сутегінің тотығын резеңке баллонымен немесе жаңа щприцімен жіберіп, жуып–тазалайды.

6. Ауыз күтімі. Науқастың ауыз қуысында микроорганизмдер жиналады, олар ауыз қуысының шырынын қабығын іріңдетуі және қолайлы иіс  шығаруы мүмкін. Сондықтан, ауыз қуысының күтімі – ең бір маңызды жұмыс, мұны аяжан әрдайым есінде сақтауы тиіс. Жалпы режимдегі тамақ ішкен сайын туады сумен шаю керек (1 стакан суға шай қасықтың төрттің бірін тұз салу керек). Ауыр науқастың ауыз қуысын күтімін аяжан жүргізеді. Әрбір тамақтанғаннан кейін мақтаны қысқышпен ұстап 5 проценттік бура ерітіндісін немесе 2% сода ерітіндісімен, перманганат калий ерітіндісімен сулап аурудан ауызын тазалайды. Ауыр науқастың жиі пайда болуы мүмкін, олар тамақ ішкенде аурады, еріксіз сілекей ағады, тіпті де дене қызығуы көтеледі. Ауыз қуысын шырынды қабатын дәрімен емдеу – аппликация немесе дәрімен жуу деп аталады. Аппликация – ауыздан шырынды қабығына залалсыздандыру ерітіндіге малынған залалсыздалған дәке салфетканы 3-5 минутқа  ерітіндісі 0,1 проценттік фурациллин, сутегінің асқын тотығы ерітіндісі. Дәрімен жуу – эсмарх кружкасымен немесе шприцпен жасалады.   Кейде аурудан еріні құрғатылып, ұшы жарылады, онда вазилин немесе сары майымен бірнеше рет май жағып жүру керек.

7. Науқастың аяғын жуу үшін алдымен төсек үстіне клеенка мен жайма төселу керек. Матрацтың аяқ жағын валик секілді етіп орап, кереуеттің  үстіне ішінде жылы суы бар легенді қойып, аяғын сабындап жуамыз. Аяғын сүлгімен құрғатып сүртеміз және қажет болса аяғының тырнағын алу керек. Жарылудың алдын алу мақсатында крем жағылады.

3-қадам теория бойынша «Талдауда» білім алушылар «Мәтінді толықтыру» тапсырмасын орындайды.

Мақсаты: Берілген сөйлемді толықтырып жазу, логикалық ой қабілетін дамыту

Күтілетін нәтиже: Екі оқушы бірігіп бүгінгі тақырыпқа сәйкес берілген сөйлемдегі қалып қойған сөздерді қойып, сөйлемді толықтырып жазады.

№1 тапсырма

«Мәтінді толықтырыңыз»

Көздің бірқалыпты көруін сақтау үшін тиісті гигиеналық талаптарды қатаң сақтау керек. Көздің шаршауына басты себептердің бірі жұмыс орнынды жарықтың жеткіліксіздігі, яғни біркелкі болмауы, немесе жарықтың мөлшерден күштілігі. Электр шамы көзге зиянын тигізбесін десеңіз, қалпақты, ақ түсті шамдарды пайдалану қажет.

№2 тапсырма

«Мәтінді толықтырыңыз»

Құлақ - есту мүшесі. Ол дыбыс өткізетін және қабылдайтын екі бөлімнен тұрады. Құлақтың әр түрлі бөлімдерінің қабынуы есту қабілетін нашарлатады. Қабыну ұзаққа созылса ортаңғы құлақта тыртық пайда болады және құлақ көмескі естиді.

№3 тапсырма

«Мәтінді толықтырыңыз»

Ауыр және тар бас киімдер шашқа ауаның баруын қиындатып, шаштың түсуіне себеп болады. Күннің, желдің, шаңның әсерінен де шаш күңгірт тартып, құрғайды. Сондықтан үнемі шашқа күтім жасап жүру керек. Жуылған шашты жұмсақ сүлгімен сүрте отырып кептірген дұрыс. Қысқа шашты түбінен, ұзын шашты ұшынан бастап тарайды. Тарақтың тістері сирек және өткір болмасын.

№4 тапсырма

«Мәтінді толықтырыңыз»

Ауыз  қуысы ас қорыту жолының бастапқы бөлігі, алдынан және бүйірінен ерінмен, ұртпен шектелген, жоғарыдан қатты және жұмсақ таңдаймен, төмен жағынан ауыз табанымен шектелген. Еріндер бір-бірімен жанасқанда  ауыз тесігі саңылауға  ұқсас, ал ашқан кезде домалақ пішінге ие.

№1 тапсырма

«Мәтінді толықтырыңыз»

Көздің бірқалыпты көруін сақтау үшін тиісті -----қатаң сақтау керек. Көздің шаршауына басты себептердің бірі жұмыс орнынды ------жеткіліксіздігі, яғни ------болмауы, немесе -------мөлшерден күштілігі. Электр шамы көзге зиянын тигізбесін десеңіз, ---------шамдарды пайдалану қажет.

№2 тапсырма

«Мәтінді толықтырыңыз»

Құлақ-----------. Ол дыбыс ------және -------екі бөлімнен тұрады. Құлақтың әр түрлі бөлімдерінің қабынуы --------нашарлатады. Қабыну ұзаққа созылса -----------------тыртық пайда болады және құлақ көмескі естиді.

№3 тапсырма

«Мәтінді толықтырыңыз»

Ауыр және тар бас киімдер шашқа ----------қиындатып, шаштың түсуіне себеп болады. Күннің, желдің, шаңның әсерінен де шаш-----------, құрғайды. Сондықтан үнемі шашқа күтім жасап жүру керек. Жуылған шашты жұмсақ сүлгімен сүрте отырып кептірген дұрыс. Қысқа шашты----------, ұзын шашты ---------бастап тарайды. Тарақтың тістері -----және ----------болмасын.

4 тапсырма

«Мәтінді толықтырыңыз»

Ауыз  қуысы  _________ жолының  бастапқы  бөлігі, алдынан және бүйірінен ______, ______ шектелген, жоғарыдан _____ ______ _____, төмен  жағынан _____ _____ шектелген. Еріндер  бір-бірімен жанасқанда  ____ ____ _____ ұқсас, ал  ашқан кезде _______ ие

4-қадам «Жинақтау»:  CLIL әдісі бойынша «Топтастыру тапсырмасы» арқылы жүргізіледі. Әр балаға бланк таратылады. Оқушылар берілген суретке байланысты сәйкес үш тілде топтастырады, жинақтайды.

(дұрыс жауаптар қою қарамен белгіленген)

Мақсаты: Медициналық терминдерді төрт тілде меңгеруін анықтау, логикалық ой қабілетін дамыту

Күтілетін нәтиже: Оқушы жеке бас гигиенасына байланысты терминдерді топтастырады, үш тілде атайды және берілген терминдерге байланысты аурудын атын латын тілінде атап шығады.

№1 бланк

ТОПТАСТЫРУ ТАПСЫРМАСЫ

C:\Users\User\Desktop\20180403_104244.png

Мұрын

Рука

Шаш

Рот

Ерін

Ear

Mouth

Highmoritis 

Рука

Ауыз

Нос

Ногти

 

№2 бланк

ТОПТАСТЫРУ ТАПСЫРМАСЫ

C:\Users\User\Desktop\20180403_104009.png

Шаш

Пациент

Scinifes

Нос

Глаза

Hair

Ауыз

Eyes

Мұрын

Patient

Ухо

Волос

 

№3 бланк

ТОПТАСТЫРУ ТАПСЫРМАСЫ

 

C:\Users\User\Desktop\20180403_104306.png

Мұрын

Hair

Аяқ

Глаза

Eyes   

Нога

Feet

Шаш

Волос

Көз

Ногти

Coniunctivitis  

 

4 бланк

 

ТОПТАСТЫРУ ТАПСЫРМАСЫ

 

C:\Users\User\Desktop\20180403_104333.png

Nails

Құлақ

Рот

Волос

Ухо

Mouth

Nose

Ауыз

Аяқ

Hair

Қол

Otit

 

5 бланк

 

ТОПТАСТЫРУ ТАПСЫРМАСЫ

 

 

Тырнақ

Пациент

Ear

Көз

Feet

Глаза

Қол

Нога

Рука

Аяқ

Arthritis 

Mouth

 

6 бланк

ТОПТАСТЫРУ ТАПСЫРМАСЫ

C:\Users\User\Desktop\20180403_103729.png

Ауыз

Nose

Рот

Волос

Ear

Қол

Eyes

Stomatitis 

Глаза

Mouth

Ногти

Қас

 

7 бланк

ТОПТАСТЫРУ ТАПСЫРМАСЫ

Қол

Ногти

Шаш

Рука

Нос

Ауыз

Глаза

Волос

Hair

Arm

Tremors

Мұрын

 

8 бланк

 

ТОПТАСТЫРУ ТАПСЫРМАСЫ

 

C:\Users\User\Desktop\20180403_103948.png

Қас

Ноги

Ear

Ногти

Волос

Тырнақ

Eye brow

Cobarde

Nails

Hair

Feet

Ухо

 

Қосымша №3

Білім алушылардың өз бетінше орындайтын тапсырмалары

5-қадам 

(Топтастыру тапсырмасының нәтижесі бойынша әр оқушыға стандарттар таратылады және науқастың жеке бас гигиенасын жүргізеді.)

Мақсаты: Берілген мейіргерлік күтімді стандарт бойынша орындау

Күтілетін нәтиже: Оқушы жеке бас гигиенасына байланысты стандартты орындап шыгады

Орындалатын мейіргерлік стандарттар

1. Ауыз қуысының күтімі.
2. Көз күтімі.
3. Құлақ күтімі.
4. Мұрын қуысының күтімі.
5. Шаш күтімі.
6. Аяқ күтімі.
7. Терінің күтімі

СТАНДАРТ

Құлақ күтімі және дәрі тамызу

Көрсеткіштері:

Құлақ шырышты қабығының ауруларында.

Қарсы көрсеткіші:

Аллергиялық реакциялар.

Әзірле:

•  Зарарсыздандырылған лоток, пинцет, мақта тампон, дәкеден жасалған турунда,
•  Фурациллин, 3 % асқын су тотығы, борлы спирт ерітіндісі,
•   Жанэ шприці, дәрі тамызғыш

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Құлақтың ішін дәкеден жасалған турундамен оны айналдыра отырып тазалау.
2. Құлағында құлық болса, сырқаттың басын екінші жағына қисайту.
3. Құлақтың сырғалығынан жоғары тартып тамызғышпен бірнеше тамшы 3 % асқын су тотығын немесе камфора майын тамызу.
4. Мақта тампоны мен құлықты шығару.
5. Құлық өте көп болса, құлақтың ішін жуу.
6. Жанэ шприціне 0,02 % 150 – 200 мл жылы фурациллин ерітіндісін сорып алу.
7. Науқасты отырғызу немесе жатқызу, құлақ қалқанының астына қысып ұстайтындай етіп лотокты қолына ұстату.
8. Сол қолмен құлақ қалқанын жоғары және артқа тартып, оң қолмен шприцті құлақтың сыртқы тесігіне тақап, ерітіндінің қатты ағынын жоғары, артқы қабырғасына бағыттап жіберу.
9. Құлақты сүрту.
10. Науқастың құлағына дәрі тамызу үшін басын сау жағына қисайту.
11. Сол қолмен құлақты сырғалықтан тартып, оң қолмен 2-3 тамшы жылы ерітіндіні тамызу.
12. Құлаққа бірнеше минутқа мақта тампон салу.

Ескерту: Құлаққа пипетка арқылы сұйықтар, майлар қолданылады, алдын ала жылытылуы қажет.

СТАНДАРТ

Ауыз қуысының күтімі

Мақсаты: ауыз қуысында қабыну және шіру процестерінің алдын алу

Әзірле:  

•  зарарсыздандырылған лотоктар, 2 пинцет, салфеткалар,
•  алмұрт тәрізді баллон немесе Жанэ шприці,
•  мензурка, вазелин, антисептикалық ертінді флаконы,
•  фурациллин 1:5000, 1 % бриллиант жасылы, сүлгі, су құйылған
•  стакан.

Іс әрекеттері алгоритмі:

1. Күніне 2 рет тісін тазалау, әрбір тамақ қабылдағаннан соң, ауыз қуысын шаю.
2. Мензуркаға антисептикалық ертіндіні құю.
3. Науқастың аузын ашуын сұрау.
4. Әрбір тісті қызыл иектен бастап, ішкі жағынан азу тістен бастап тазалау және әр тазалаудан кейін дәке  тампондарын ауыстыру.
5. Таңдайды, ұрттың ішкі жағын тазалау.
6. Науқастың ауызын  шаюына көмектесу немесе алмұрт тәрізді баллонмен аузын бүркіп шаю.
7. Ауыздың айналасын құрғап салфеткамен сүрту.
8. Ерні, ауыз бұрышы тілінсе (езуі) глицерин немесе вазелин майын жағыңыз.
9. Егер тіс протезі болса оны тазалау, науқастың қайта киюіне көмектесу.
10. Құралдарды залалсыздандыру.
11. Салфеткаларды, дәке тампондарды, резеңке қолғапты жою.

СТАНДАРТ

Халі ауыр науқастың аяғын жуу

Әзірле: 35-36ºС жылы су, сүлгі, сабын, леген

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Матрацтың аяқ жағын валик секілді етіп орап қайырыңыз.
2. Кереуеттің үстіне ішінде жылы суы бар легенді қойып, аяғын сабындап жуу.
3. Аяғын сүлгімен құрғатып сүрту.
4. Қажет болса аяғының тырнағын алу.

СТАНДАРТ

Көзді жуу

Мақсаты: жеке түлғалық гигиена ережелерін орындау

Көрсеткіштері: өзіне-өзі күтім жасай алмайтын науқасқа көмек

Әзірле:

1. Антисептикалық ерітінді 0,02% фурациллин.
2. Зарарсыздандырылған мақта тампоны.
3. Зарарсыздандырылған лоток.
4. Пинцет.
5. Пайдаланған тампондарды салуға арналған ыдыс.
6. Зарарсыздандырылған резеңке қолғап.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас туралы мәлімет жинау.
2. Болатын емшараның мәнімен жасалу ретін түсіндіру.
3. Қажетті жабдықтарды дайындау.
4. Қол жуу.
5. Науқасты ынғайлы отырғызу.
6. Лотокқа 8-10 тампондарды салып, антисептикалық ерітінді құйыңыз.
7. Пинцетпен лотоктан тампонды алып, сәл сығып кірпіктерді, қабақты, көздің сыртынан ішке қарай жылжытып отырып сүрту.
8. Тазалап болғаннан кейін құрғақ тампонмен ерітіндінің қалдықтарын құрғатып алу керек.
9. Науқасқа ынғайлап жатуға көмектесу.
10. Пайдаланған тампондарды жою.
11. Қол жуу.

СТАНДАРТ

Дәрменсіз емделушіні жуындыру

Мақсаты: жеке тұлғалық гигиена ережелерін орындау

Көрсеткіштері: өзіне-өзі күтім жасай алмайтын емделушіге күтім жасау

Әзірле: жылы су(35-37ºС) құйылған ыдыс, жөке, сүлгі, құмыра, клеенка, жаялық.

Іс-әрекеттер алгоритмі

1. Болатын емшараның мәні мен жасау ретін түсіндіру.
2. Емделушіні Фаулер жатысымен жатқызу, клеенка мен жаялық төсеу.
3. Қолғапты сулап, артық суын сығып тастау.
4. Қолғаппен маңдайын, қабақтарын, екі бетін, мұрнын, мойнын сүрту.
5. Сүлгі мен сол тәртіпте емделушінің беті мен мойынын құрғатып сүрту.
6. Жаялық пен клеенканы алып, залалсыздандыруға жіберу.
7. Емделушіге ыңғайланып жатуға көмектесу. Өзін жақсы сезінетіндігіне көз жеткізу.

СТАНДАРТ

Мұрын қуысын күту

Мақсаты: жеке түлғалық гигиена ережелерін орындау, мұрын арқылы дем алудың бұзылуының алдын алу

Қөрсетілімі: науқастың ауыр жағдайы, мұрыннан бөлінетін бөлінділердің болуы         

Әзірле: зарарсыздандырылған мақта тампондары, турундалары, лоток, пинцет, вазелин май, мензурка, резеңке қолғап

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Науқасты емдеуге ыңғайлы етіп отырғызыңыз.
2. Емшараның мақсатын түсіндіру, келісімін алу.
3. Қолды жуып, кептіру.
4. Турунданы алып, вазелин майына батырып, сәл сығу.
5. Турунданы оң қолға ауыстырып, науқастың мұрнының ұшын сол қолмен көтеріп, айналмалы қозғалыспен мұрын қуысына 1-3 мин бойына енгізу.
6. Мұрын қуысы жолдарынан турунданы айналмалы қозғалыспен шығарып алу.
7. Осы тәсілмен 2-ші мұрын қуысы жолдарын өңдеп тазалау.
8. Пайдаланылған құралдарды залалсыздандыру.
9. Пайдаланған тампондарды жою
10. Қол жуу.

Ескерту: Үшкір заттарды қолданбау керек.

СТАНДАРТ

Науқастың тері күтімі және денесін ылғалдап сүрту

Мақсаты: терінің тазалығын сақтау, оның қалыпты қызметін қалыптастыру

Әзірле: клеенка, жайма, лоток, жылы су, 10% камфора спирті, үлкен салфетка немесе сүлгі, ауыстыратын төсеніш, киімдер, қайшы, медициналық қолғап

Іс әрекет алгоритмі:

1. Күнделікті таңертеңгілік және кешкілік жыныс мүшелерін тазарту.
2. Күнделікті қызарған жерлерді жуып, құрғатып сүрту.
3. Ылғалданған шүберекпен сүртер алдында науқастың астына клеенка мен жайма төсеу.
4. Лотокқа жылы су құю.
5. Емделушінің денесінің жоғарғы бөлігін жалаңаштау.
6. Салфетканы немесе сүлгінің кішкене бөлігін суға малып алып сәл сығу.
7. Емделушінің денесін төменгі реттілігімен сүрту: бетін, мойын, қолдарын, арқасын.
8. Сүлгінің құрғақ бөлігімен жоғарыдағы реттілікпен науқас денесін сүрту, жайма жабу.
9. Осы тәртіппен емделушінің ішін, санын аяқтарын сүрту.
10. Емделуші төсеніштерін және киімдерін ауыстыру.
11. Емделушінің ыңғайлы жатқанына көзді жеткізу.
12. Пайдаланған заттарды залалсыздандыру.

Ескерту: Аптасын 1 рет душ немесе ванна қабылдау керек.

СТАНДАРТ

Шаш күтімі

Әзірле: Бас жуатын табақша, сабын ерітіндісі, 38-40С жылы су, кружка, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Мойын астына валик қойып, науқасты шалқасынан жатқызу.
2. Басының астына ыдыс қою.
3. Кружкамен суды алып, шашына құйып, сұйық сабынды шаш түбіне жағыңыз.
4. Жақсылап жуып, құрғатып сүртіңіз.
5. Егер ұзын шаш болса, бөліп тараңыз.
6. Басқа салқын тимес үшін, орамалмен орап қойыңыз.

6-қадам  «Баға беру»

(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушының жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практика жұмысы нәтижесінде) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады.

Мақсаты: Берілген жағдаяттық жағдайдан шығу, тест тапсырмасынан дұрыс жауапты таңдау

Күтілетін нәтиже: Төрт оқушы топтасып берілген жағдаяттық жағдайды шешеді, орындайды, күтімін көрсетеді. Топта пациент, орындаушы, бақылаушы, үздік сарапшы рөлі бойынша көрсетеді.

Өмірлік жағдаяттар.

1. Н деген пациент ауруханада жүрегі ауырып ем алып жатқанына 3 күн болды. Таңертең қан қысымын өлшеуге келген мейіргер пациенттің жастығын қараған кезде сары дақтарды көріп шошып кетеді. Пациент қорқып жылап құлақ ішінің қышитынын, алыстан естинінін айтты. Дәрігерді шақыруын сұрады. Сіздің іс-әрекетіңіз қандай?

2. А деген пациент ауруханада аяғының қыши беретініне, майда бөртпелердің шығып жатыр, табандары құрғап, қабыршақтанып жатыр деп мейіргерге шағымданып жатыр. Мейіргерге кеше аяғымды дұрыс жуумадын, аяғым неге қыши береді деп шағымданды. Дәрігерге Сіздің іс-әрекетіңіз? Жағдайдан қалай шығасыз?

Өмірлік жағдаяттардың жауаптары.

1. Пациентті тыныштандыру. Құлақ күтімін жасау керек тігін түсіндіру. Құлақты жылытылған фурациллин ерітіндісімен жуу. Іс- әрекет алгоритмін  көрсету.

2. Пациентті ең әуелі тыныштандыру жұмысын жүргізу. Сабыннан аллергия болғанын айтып, аллергиясы кететінін түсіндіріп айту. Аяғын жуу іс- әрекет алгоритмін  көрсету.

Тест тапсырмасы

1. Егер науқастың ерні немесе ауыз бұрышы тілінсе ... жағу керек
А) тіс пастасы
Б) глицерин немесе вазелин майы+
В) тамақ майы
Г) бриллиант жасылы

2. Ауыз қуысын қандай антисептикалық ерітіндімен жуады
А) сусабын
Б) хлорамин    
В) АХД-2000
Г) фурациллин+

3. Құлық тығындарын алу үшін алдымен құлаққа ....... тамызып тығында жұмсарту керек
А) спирт
Б) 3% бриллант жасылы
В) 5-6 тамшы бриллиант жасылы
Г) 3% сутегінің асқын тотығы

4. Жағдайы ауыр науқастардың шашы неше  күнде жуылады
А) 7-10 күнде 1 рет+
Б) күнделікті
В) 5-6 күнде 2 рет
Г) 14 күнде 1 рет

5. Ауыз қуысын шаю үшін мынадан басқалар қолданылады
А) Эсмарх кружкасы
Б) Жане шприці
В) Резиналық груша
Г) Пипетка+

6. Науқас аяғын жуу кезінде су температурасы Қанша ͦ С
А) 40  ͦ С
Б) 33-34 ͦ С
В) 36-38 ͦ С+
Г) 37-40  ͦ С

7. Мұрын бөлінділерін жібіту мақсатында нені қолданамыз?
А) спирт
Б) 3% бриллант жасылы
В) Вазелин майы
Г) 3% сутегінің асқын тотығы

8. Функциональды керуеттің негізгі қызметтері
А) науқасқа қажетті жағдай жасау +
Б) ыңғайлы жағдай
В) жеңіл және тез қозғау
Г) медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді

9. Шашты күтуге керекті заттар
А) бас жуатын табақша, деохлор ерітіндісі, жылы су және орамал
Б) бас жуатын табақша, сабын ерітіндісі, мұздай су және орамал
В) бас жуатын табақша, сабын ерітіндісі, жылы су және орамал +
Г) қол жуатын табақша, сабын ерітіндісі, жылы су және орамал

10. Құлақ күтуге керек заттар
А) спирт
Б) 3% бриллант жасылы
В) 5-6 тамшы бриллиант жасылы
Г) 3% сутегінің асқын тотығы

11. Төсек – жаймасын ауыстырудың әдістері қандай?
А) тек көлденең
Б) тек ұзына бойлай
В) ұзына бойлай, көлденең+
Г) горизонтальды, параллель

12. Ойық жараның қай дәрежесінде күлбір пайда болады
А) 1
Б) 2
В) 3
Г) 4+

13. Ойық жараладың пайда болуының қаупін сандық бағалайтын  шкалалар
А) Нортон шкаласы, Ватерлау шкаласы
Б) Экзогенді шкала, эндогенді шкала
В) Нортон шкаласы,Раутек әдісі
Г) Фаулер жағдайы, Симс жағдайы

14. Қандай керуетті бас және аяқ жағын тез керекті қалыпқа келтіру қалай аталады (көтеру, түсіру)
А) функционалды+
Б) стандартты
В) хирургиялық
Г) каталка

15. Ойық жараның дамуы .. кезеңдерінен турады
А) бозару, қызару, көгеру, күлдіреу, эпидермистің көшуі, некроз
Б) цианоз, бозару, гиперемия, сулану
В) гиперемия, цианоз, эпидермистің көшуі, некроз
Г) сулану, гиперемия, некроз

Қосымша №4

1. Г.Т.Бекетаева,Н.К. Сейтмамбетова,  Әкімниязова Н.К «Мейірбике ісі негіздері» «Науқастың жеке бас гигиенасы»
2. С.М.Мухина, И.И.Тарновская «Мейірбике ісі негіздері пәніне арналған   басшылық» « Жеке бас гигиенасы»
3. Валеология « Жеке бас тазалығы»
4. Анатомия« Несеп ағзалары»
5. Адам физиологиясы « Сыртқа шығару ағзаларының негізгі қызметі»


Пікірлер (2)

аа

тесттің жауабы барма

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар