Өлең, жыр, ақындар

«Қобыланды батыр» жыры

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№18 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Килыбаева Гульмира Шыдановна

Сыныбы: 5

Қазақ әдебиеті пәнінен екінші бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Бөлім атауы: «Таза мінсіз асыл сөз»

Оқылатын шығарма: «Қобыланды батыр» жыры

Оқу мақсаты: 5.2.3.1. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағыналы сөздер, қайалау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау

Бағалау критерийі.

Білім алушы

Жырда кездесетін ауыспалы мағыналы сөздердің мәнін ашады.

Жырда кездесетін көздесетін көркемдегіш құралдарды табады.

Кейіпкерлер бейнесін ашады

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Орындау уақыты: 15-20 мин

1-Тапсырма

А: «Қобыланды батыр» жырында кездесетін тұрақты тіркестердің мағынасын сәйкестендіру

р/с

Тұрақты тіркестер

 

Мағынасы

1

Жарылғандай жүрегі

1

Қиналу

2

Қайғыменен қан жұту

2

Қуану

3

Қабырғасы қатып,бұғанасы беку

3

Есте сақтау

4

.Көзге ілмеу

4

Есею

5

Жад қылу

5

Көңіл бөлмеу

6

Көзін салу

6

Көру

7

Көзі шалу

7

Қарау

8

Тіл алу

8

Ашулану

9

Қабағынан қар жауу

9

Тыңдау

10

Сөзге сынық қылу

10

Риза болу

11

Көңілі біту

11

Ұятқа қою

12

Жұлдызы  оңынан туу

12

Теріс айналу

13

Сырт беру

13

Өкіну

14

Қапы қалу

14

Жолы болу

2-тапсырма. Шығарма үзінділерінен көркемдегіш құралдарды табу

1. Алтынмен ішін безеген,сырты күміс ақ отау

2. -Көк ала бие дөңбекшіп,

Домаланып сұлады

Сонда жатып дөңбекшіп,

Бурыл тұлпар туады.

3. Кетемін деп ерітіп,әдейі келдім жолбарысым

4. Неше батыр болса да

Басында билік жоқ адам

Арыстан туған құрдасжан

Ол-қатын емей, немене?

5. Қобыландыдай бөрінің

Бұлаңдаған сұлуың

Алдынан кетіп барады

6. Көлденең жатқан көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы саз балшықтай иледі

7. Арандай ауызын ашады

Аяғын топ-топ басады

8. Көкқұтан мен қарабай

Көтеріліп ұшқанша

белінен басып асады.

9. Алты қабат орынан

Жетінші қабат қалаға

Қояндай орғып жөнеді

10. Ақсұңқар құстай шүйіліп

Қабағы тастай түйіліп

11. Тау суындай сарқырап

Ақ сауыты жарқырап

Көбікті өтіп барады

 

Эпитет –

Теңеу –

Гипербола –

Метафора –

3-тапсыриа.Кейіпкер портретін сәйкестендіру

Кейіпкерлер: Қобыланды, Тайбурыл, Алшағыр, Көбікті, Қарлыға қыздың, Құртқа қыздың, Қазан, Тарлан ат, Алшағырдың, Көбіктінің, Қазанның.

 

1. Аршын  басты .....

Қабырғада қанаты

Сұлтанының жан аты

2. ....... батырдың

Тері тамып иектен

Түгі шығып білектен

3. Қырық мың атты қызылбас

  Қолына қызыл ту алған

Қара қасқа ат мінген

Алдынан шықты ер  ....

4. Жамандатқыр .....  ....

Құйрығын құстай тарады

Бауырынан жарады

5. Ерте шолпан батқанда

  Таң сарғайып атқанда

Тау суындай сарқырап

Ақ сауыты жарқырап

«Таста ,-деп,-малды» барқырап

........  жетті соңынан

6. Ай тумас жақтан күн туды

Бұл несі деп қараса

Қара тамды ағартқан

....  ... сәулесі

7. Жанына азап берілді

Азап емей немене .

.... бөксесі

Кеудесінен бөлінді

8. Ақсұңқар құстай шүйіліп,

Қабағы тастай түйіліп

Арыстан туған ........

Күн щығуға қарамай

Ат қоюға ойланды

9. Қобыландының дауысы

Құлағына келеді

Шыдай алмай .....

Алтын тұрман ер салып

Енді атына мінеді

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дискриптор

Ұпай

Білім алушы

Жырда кездесетін ауыспалы мағыналы сөздердің мәнін ашады.

1

«Қобыланды батыр» жырында кездесетін тұрақты тіркестердің мағынасын сәйкестендіру

2

Жырда кездесетін көздесетін көркемдегіш құралдарды табады

1

Шығарма үзінділерінен көркемдегіш құралдарды табады

3

Кейіпкерлер бейнесін ашады

1

 Кейіпкер портретін сәйкестендіру

2

Барлығы

 

 

7


Пікірлер (7)

Аружан

Кобыланды батыр жырынын тенеулери керек еди отинем тезирек

Myrza

Өте керемет

Diana

Қобыланды батыр жырынан тақырыбы мен идеясын анықтау тез керек срочно

Ерке

Кобыланды батыр жырынын басты такырыбы мен идеясы

Жансая

Қобыланды батыр жыры туралы неге ұнағандығын айтыныз

Кобыланды батырга эссе жазу керек комектесинши

Кобыланды батырга эссе жазу керек комектесинши

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер