«№7 ОПМПК» КММ-нің тәрбиешісі
Темешова Толқын Талдыбаевна
Тәрбиенің мақсаты: шат көңілділікке, өмір сүйгіштікке, адамгершілікке және жасампаздыққа баулу.
Бабалар дәстүрінде тәрбиелеудің ең басты белгісі сенім. Осы берік сенім негізінде адамды қалыптастыра аласың. Адам табиғатындағы ақылсыздықты тек тәрбиенің күшімен ғана ақылға келтіруге болады. Сондықтан тәрбиеге әрқашан бірінші жетекшілікті беру керек.
Өзіңді өзің беріліп, сеніп, шын тәрбиелемесең, қай істе болмасын өжеттілік жасай алмайсын.
Қорқытудың тәрбиелік мәні жоқ екендігі аксиомаға айналғаны шындық, сондықтан кімде-кім тәрбиеші болғысы келсе, бұл тәсілден әр кез аулақ болғаны жөн.
Тәртіпсіздік істеген балаға қатаң сөз айтып керек емес, жылы сөзбен өзіне тартып, себебін өзіне айтқызып, істеген ісінің дұрыс бағытта еместігіне көзін жеткізу керек, бала деңгейіне дейін өзін кішірее білуің керек, әйтпесе ештеңе шығара алмайсын.
Қисықты түзететін - күш, қыңырды түзететін - тәрбие, басқа жол жоқ.
Жылы сөз тәрбиенің кілті де, құлпы да, сондықтан жылы сөз сөйлеуге әр кез дайын бол.
Адамға күн шұғыласы қандай қажет болса, тәрбие де сондай қажет,ендеше тәрбиеленіп өскеніне мақтана аласың.
Тәрбиелену міндет те, борыш та, сондықтан әр жеткіншек ол кезеңнен. Баланы хұсайын етіп тәрбиелеу бесіктен басталады, бұл әр ананың парызы, оны естен шығаруға жол жоқ.
Біз адамдарды өзгертеміз деп тәрбие жұмысымен шұғылданып жүрміз, бірақ өзгеріп кеткен адам жоқ, тек әр қоғамдық талап-тілектерге байланысты бейімделген адамдарды көріп жүрмін. Адам - жағдайдың құлы, тәрбие - құлды жұбатудың құралы.
Шәкіртке қатты сөз айтуға болмайды, ол алланың қаһарынан да жаман.
«Бұзық» оқушымен әңгімелеспес бұрын, өзің туралы айтшы деп жақын тарт, сонда оны түсінесің, күдігің жойылады, өзара тіл табысасың. Тіл арқылы жүрекке кіресің.
Адамды тәрбиелеймін десең, оның тілегін орында, одан арғысы белгілі болады.
Ұлы адамдар да өле-өлгенше тәрбиеленіп өтеді. Тәрбие - телегей теңіз, байтақ ұғым, шеті мен түбіне жете алмайсың. Тәрбие - адамның екінші табиғаты.
Тәрбие — теңіз, сондықтан тәлімдегің келсе, малтый білуді үйрен.
Баланы баяндама оқып тәлімдеме, баяндап тәлімде.
Барлық кереметтілік табиғатта ғана емес, адамдарда да сан-қилы, бірақ әлі толық сезініп біле алмай жүрміз. Адамды зерттей де, тәрбиелей де, түсіне де білуге ерте бастан көңіл бөліңдер.
Өзіңді-өзің екі бағытта тәрбиеле: аллаға сеніп, ар-ұжданыңды таза ұстауға және адал еңбек істеп еліңді көркейтуге.
Тәрбиеленіп көр, қандай шыдамдылық керек екендігін білесің.
Пайғамбарың да тәрбиеленіп өскенін ұмытпа, мүмкін сен де пайғамбар боларсың.
Тәрбиеде мақсат, мұрат болмаса, жақсы нәтиже бермейді.
Тектілік тәлім-тәрбиенің нәтижесінде туады. Тектілікке ұмтыл.
Тәрбиеші дегеніміз бала ойынан орын алған керексіз «арам шөпті» дер кезінде түбірімен жұлып алушы, сүйтіп адам ойын арам пиғылдан аман сақтап қалған періштесі.
Әр шәкірт ұлы дана Демокрит айтқан мына даналықты жастай түсініп, есіне сақтаса деймін: «...Өнер де, даналық та, егер оны үйренбесе, қолға түспейді». Сондықтан, үйреніп білу үшін өмір сүремін деп, өзінді ертерек тәрбиелеген жөн.
Балаға үрей тудырып тәрбиелеуге қарсымын, ондай бала өз ерекшелігін, өз дарынын тез өшіреді. Балаға да, үлкенге де шын еркіндік қажет. Құдай бір тежесе, тәрбие екінші тежесе, онда үшінші де тежеуші күш табылады, сүйтіп бала үш жақты қысымда өседі. Оның соңы жақсылыққа әкеліп көрген емес, өзара сыйластық, татулық шын бостандық бар жерде ғана болады.
Балаға өз ойын, пікірін айтуға уақыт бер. Састырма, үстемелеме, бол болдың астына алып қайталама. Дәл осы сәтте жауап бере алмаса, келесі сабаққа қалтыр, «баға» қойма, одан ешкім де ақша жоғалтпайды ғой. осыдан баланың саған деген сенімі артып, сабаққа аз да болса дайындалатын болады. Мүмкін, ол келесі сабақта да жауап бермес, бірақ келесі сабақтарда жауап беруге іштей ант береді, сүйтіп күндердің күнінде оның жарқырап жұлдызы туғанын өзі де білмей қалады. Әрине, барлық сабақтан кілең беске ол бірден оқып кетпейді, оған уақыт керек, уақыт әр нәрсені орнына қояды.
Жаратқанды көрмейсің, көрген де ешкім жоқ, бірақ ұлт пен халық дәстүрін сақтау, мақұлдау, орындау жаратқанның айтқанын мойындаумен пара пар. әр ұлттың, халықтың жақсы дәстүрлерін дамыту, қызықтау, мақтаныш ету тіршілігіміздің көркі мен мәні. Мұны жастарға түсіндіре біліп тәрбиелеу керек.
Баланы жастай сөзуар етіп тәрбиелеуге ерекше мән және маңыз беру керек.
Бірімізді біріміз тәрбиелеу үшін институт бітіру керек емес, адам деген атың болған соң, біріңді бірің тәрбиелеу борыш.балаға да ертерек осыны айтып түсіндіру керек. Тәрбиелеу, бағыт беру кешеуілдетуді жақсы көрмейді. Бір бірімізді тәрбиелеуге ерекше көңіл бөліп, дәстүрге айналдыру керек. Бәріміз де жақсы тәрбие алуға ұмтылайық.
Бір бұзық баланы көріп, Абай атамыз былай деген екен: «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі ата анасынан, екіншісі ұстазынан, үшіншісі құрбысынан.»
Тәрбие Жаратқанның Жердегі періштесі, онымен кездеспей, жол таптым деме.
Тәрбие ананың ақ сүтінен басталады да, маңдайдан аққан ащы термен бітеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі