"Дүниежүзі тарихы" пәні бойынша 5 сынып оқушыларына арналған тапсырмалар жинағы
Дүниежүзі тарихы пәні бойынша
5 сынып оқушыларына арналған тапсырмалар жинағы
Автор, Х. Доспанова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп тарих пәнінің мұғалімі
Ерлан Русланұлы Баймағамбетов
Дүниежүзі тарихы 5 сынып
Автор: Төлебаев Т.Ә. Момынтаева Л.Б., Төлбаева Л.А. - Алматы: Атамұра, 2017. – 176 бет.
Ескерту: кітаптағы материалдарды, дүниежүзі тарихының терминдерін, ежелгі дүние тарихының басты оқиғаларын, оқуға ұсынылған әдебиеттерді және ғаламтор көздеріндегі шынайы ақпараттарды пайдаланыңыз.
1 бөлім Алғашқы қоғам тарихы
1 тарау Терімшілер – аңшылардан бастап егіншілер мен мал өсірушілерге дейін
№ 1 Адамдардың алғашқы қоғамдық бірлестігі
Сұрақтар мен тапсырмалар
- Адамның пайда болуы туралы діни түсініктер.
- Адамның пайда болуы турлаы ғылыми көзқарастар. А.И. Немировскийдің редакциялық басшылығымен шыққан ежелгі дүние тарихы бойынша оқу кітабында жазылған «адамдардың арғы тегін іздеуі» атты мәтінге зер салыңыз.
- Адамның қалыптасу кезеңдері. Адамдар тобыры.
- Рудың пайда болуы. Рулық бірлестік және тайпа. Морган Л.Г. Ежелгі қоғам атты еңбегіндегі «ру мен тайпа туралы» атты мәтінге зер салыңыз. 7 беттегі суретке қарап ой түйіңіз.
- Үңгірдегі тіршілік: жастарға ақыл-кеңес айту. 8 беттегі суретке қарап мәтін құраңыз
№ 2 Ежелгі адамдардың өмір салты
- Ең алғашқы еңбек құралдары. 10 беттегі «еңбек құралдарын пайдалану: қырғышпен таяқты ұштау; кескішпен аң етін боршалау» суретіне сипаттама жазыңыз.
- Ежелгі адамдардың тіршілігі. Алғашқы кәсіптері. 11 беттегі суретке назар аударыңыз.
- Аңшылық пен балық аулау. Аң аулаудың көне тәсіліАуа райындағы өзгерістер. 12 беттегі суретке сипатта жазыңыз.
- От жағуды үйрену және оның маңызы. 13 беттегі суретке сипатта жазыңыз.
- Үңгірдегі өмір. Қазақстанда ежелгі адамдар өмір сүрген қандай үңгірлер білесіз? Алғашқы баспаналар.
№ 3 Өндіруші шаруашылық түрлері
- Еңбек құралдардың дамуы. Садақ пен жебе. 15 беттегі суретке қарап мәтін құраңыз.
- «Неолиттік төңкеріс» ұғымы Алғашқы тас кезеңі. Орта тас ғасыры. Жаңа тас ғасыры. туралы ұғымдарға сипатта жазыңыз. 16 беттегі суреттерге назар аударыңыз.
- Мыс пен қоланы пайдалану. Егіншілер өмірі. 17 беттегі суреттерге назар аударыңыз.
- Мал шаруашылығының қалыптасуы. Көшпелі мал шаруашылығы.
№ 4 Алғашқы қоғам мәдениеті
- Ежелгі діни наным-сенімдер.
- О дүние туралы ұғымның қалыптасуы.
- Бейнелеу өнері негіздері. Ласко үңгіріндегі және Таңбалыдағы суретке мән беріңіз.
- Ән мен жырдың қалыптасуы. Алғашқы музыкалық аспаптар. 23 беттегі суретке сипатта жазыңыз.
- Практика және білім негіздерінің қалыптасуы. Жазудың пайда болуы.
- 24,25 беттердегі суретке сипаттама жазыңыз.
1 бөлімге қорытынды 150 сөз эссе жазыңыз.
2 бөлім Ежелгі өркениеттер.
2 тарау Қосөзен өркениеттері
№ 5 Месопотамия тарихының ежелгі кезеңі
Сұрақтар мен тапсырмалар
- Ежелгі өркениеттерге сипаттама жазыңыз.
- Қосөзеннің табиғат жағдайларын карта арқылы көрсетіп, сипаттама жазыңыз.
- Шумер мен Аккад мемлекеттерінің тарихын сипаттаңыз.
- Урдан табылған қобдишада бейнелеген суретке назар аударыңыз.
- Нарамсин билеуші кім? Нарамсин сарайына назар аударыңыз.
- Ур қаласындағы Ай құдайының храмы интернет көздерінен ақпарат іздестіріңіз.
- Урдың 3 әулетінің билігіне сипаттама жазыңыз.
- 34 беттегі О. Сүлейменовтің «Аз и Я» еңбегінде «Шумернама» бөлімін зерделеңіз. Шумер және түркі сөздерінде ұқсастықтардың кездесуі неліктен?
№ 6 Ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесі мен өнері
- Оңтүстік Қосөзеннің шаруашылығына сипаттама жазыңыз.
- Хаммурапи билеушіге мінездеме беріңіз. Хаммурапи заңы туралы интернет көздерінен дерек іздеңіз.
- Вавилон қаласына сипаттама жазыңыз. Ассириялықтардың шаруашылығы мен қоғамдық құрылысына сипаттама беріңіз.
- Қосөзен өркениеттерінің өнері қандай болды. Сына жазу.
- Аспалы бақ туралы ойтолғау жазыңыз.
3 тарау Ежелгі Мысыр.
№ 7 Мысырдағы мемлекеттің пайда болуы
- Табиғат жағдайларына сипаттама жазыңыз. 40 беттегі картаға назар аударыңыз.
- Мысырда мемлекеттің қалыптасуы. Ніл аңғары сипаттама жазыңыз. 43 беттегі «Мысырлықтардың Нілді мадақтауы» атты мәтінге зер салыңыз.
- Менес перғауын – Мысырды ең алғаш біріктіруші патша.
- Менес (Мина) патша Атырау мен аңғардың түйіскен жеріне үлкен бекініс салғандығы туралы сипаттама жазыңыз.
№ 8 Пирамидалар құрылысының дәуірі
- Перғауындар билігі неліктен күшейді? Басқыншылық жорықтар неліктен жүргізілді.
- 46 беттегі Мысыр пирамидалары суретін салып, сипаттама жазыңыз.
- «Сфинкс, храмдар, Фивы храмы, Тутанхамон табыты» осы сөздерге мән беріп, сипаттама жазыңыз.
- «Ежелгі Мысыр шонжарларының тұрмыс-тіршілігі» атты мәтінге зер салыңыз.
№ 9 Ежелгі Мысырдың экономикасы мен әлеуметтік құрылымы
- Мал және егін шаруашылығы мен қолөнеріне сипаттама жазыңыз. 50 беттегі «қолөнердің дамуы» кестеге мән беріңіз.
- Саудасы, әлеуметтік құрылымы (перғауындар мен үстем тап өкілдері) сипаттама жазыңыз. 51 беттегі суретке мән беріңіз.
- 52 суреттегі шонжарлардың мекенжайына сипаттама жазыңыз.
- Құлдардың жағдайына, шаруалардың жағдайына мен қолөнершілерге сипаттама жазыңыз.
- 54 беттегі кестені толтырыңыз. Алтын жалатылған аяқкиім мен сәттілік білезігі туралы интернет көздерінен іздестіріңіз.
- Ежелгі Мысырдағы қарапайым отбасының тұрмыс жағдайы атты мәтінге назар аудара отырып, қазіргі қазақ халқының қарапайым отбасының тұрмыс жағдайына сипаттама жазыңыз.
№ 10 Мысырдағы діни наным-сенімдер мен ғылыми білімдер
- Діни наным-сенімдер. Мысырдағы құдайларға сипаттама жазыңыз.
- Мысыр жазуының шығуы мен дамуы. 56 беттегі суреттерге назар аударыңыз.
- Математикалық білімдер. Аспан әлемі. Мысырдағы медицина, мектеп пен әдебиетіне сипаттама жазыңыз.
- 59 беттегі Ежелгі Мысыр хикаясы атты мәтінге зер салыңыз.
4 тарау Қос дөңгелекті арбалар мен империялар
№ 11 Ежелгі замандағы әскери өнер
- «Империя» түсінігіне сипаттама жазыңыз.
- 61 беттегі суретке қарап, соғыс арбаларына сипаттама жазыңыз.
- 62 беттегі суретке қарап, атты әскердің пайда болуы туралы сипаттама жазыңыз.
- Әскери өнердің дамуына сипаттама жазыңыз.
- 64 беттегі суреттерге қарап, қаланы басып алуы тәсілдері мен жаулаушылық соғыстарына сипаттама жазыңыз.
- 1 Дарий кім? Арыстанды жеңген 1 Дарий интернет көздерінен деректер іздестіріңіз.
№ 12 Оңтүстік-Батыс Азия империялары
- 66 беттегі картаға қарап, Хетт мемлекетіне сипаттама жазыңыз.
- 67 беттегі картаға қарап, Ежелгі Ассирияға сипаттама жазыңыз.
- 68 беттегі картаға қарап, Парсы империясына сипаттама жазыңыз.
- Авеста шығармасы. Заратуштра ілімі интернет көздерінен деректер іздестіріңіз.
- 70 беттегі «Хетт, Ассирия және 1 Дарий өзі туралы» мәтіндерге зер салыңыз.
№ 13 Орталық Азияның ежелгі мемлекеттері
- Александр Македонский кім? Басқыншылық күресі қандай болды. Сипаттама жазыңыз.
- 72 беттегі картаға қарап, Орталық Азияның ежелгі мемлекеттеріне сипаттама жазыңыз.
- Ежелгі Бактрия – Тәжікстан мен Ауғанстан жерінде ірге көтерген ежелгі мемлекет сипаттама жазыңыз.
- Кушан және Парфия патшалықтарына сипаттама жазыңыз.
- Әлеуметтік ұйымдасу, шаруашылығы мен қолөнер өндірісіне сипаттама жазыңыз. 74-75 беттердегі суреттерге мән беріңіз.
- 76 беттегі суреттерге қарап, әскери қарулар, діни көзқарастары мен мәдениеті сипаттама беріңіз.
5 тарау Ежелгі Үндістан. Буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің салтанат құруы
№ 14 Үндістанда мемлекеттің қалыптасуы
- 77 беттегі картаға қарап, Ежелгі Үндістанның табиғат жағдайларына сипаттама жазыңыз.
- Ең ежелгі қалалары. Мохенджа-Даро қалашығы туралы интернет көздерінен деректер іздестіріңіз.
- Үнді мемлекеттінің құрылуы. Чандрагупта. Ашок патша сипаттама беріңіз.
№ 15 Ежелгі Үндістандағы индуизм мен буддизм
- Діни түсініктер.
- Индуизм сипаттама беріңіз.
- 81 беттегі суреттерге қарап, брахманизм және буддизмнің қалыптасуына сипаттама жазыңыз.
- Нирвана түсінігі. Буддизмнің таралуына сипаттама беріңіз. 83 беттегі Будда туралы аңызға мән беріңіз.
№ 16 Ежелгі Үндістанның әлеуметтік құрылымы мен шаруашылығы
- Әлеуметтік құрылымы: Брахмандар, кшатрийлер, вайштер мен шудралаға сипаттама жазыңыз.
- 87 беттегі мәтінге қарап, касталық жүйеге сипаттама жазыңыз. Ману заңдарына сипаттама жазыңыз.
- Әскери іс туралы. Алым-салық жөнінде. Шаруашылығына сипаттама беріңіз.
№ 17 Ежелгі Үнді мәдениеті мен ғылыми білімдердің дамуы
- 88 беттегі суреттерге қарап, «Махабхарата мен Рамаяна» дастандарына сипаттама жазыңыз.
- 89 беттегі суреттерге қарап, Құрылыс өнері, ғылыми білімнің дамуына сипаттама жазыңыз.
6 тарау Ежелгі Қытай
№ 18 Ежелгі Қытай мемлекеттінің қалыптасуы
- 91 беттегі картаға қарап, Ежелгі Қытай мемлекеттіне сипаттама беріңіз.
- Цинь патшалығы. Хань әулетінің билігі. Ұлы Қытай қорғанына сипаттама жазыңыз.
- Конфуций және Лао Цзы туралы интернет көздерінен деректер іздестіріңіз.
№ 19 Ежелгі Қытайдың шаруашылығы мен қоғамдық-саяси құрылысы
- Ауыл шаруашылығы, қолөнері мен саяси құрылысына сипаттама жазыңыз.
- Сот ісі, қоғамдық құрылысы және халық көтерілістеріне сипаттама жазыңыз.
№ 20 Ежелгі Қытай мәдениеті
- 99 беттегі суретке қарап, жазуы мен әдебиетіне сипаттама жазыңыз.
- Сыма Цянь туралы интернет көздерінен деректер іздестіріңіз.
- Қытай тарихының атасының «Тарихи жазбалар» кітабына сипаттама жазыңыз.
- 100,101,102 беттердегі суреттерге қарап, Ежелгі Қытайдың ғылыми білімі, өнер табыстары мен терракоттық әскерлеріне сипаттама жазыңыз.
7 тарау Ежелгі Грекия
№ 21 Грекияның ежелгі өркениеттері
- 103 беттегі картаға қарап, Ежелгі Грекияның географиялық жағдайына сипаттама жазыңыз.
- Минойлық өркениет. Кностағы патша сарайы туралы сипаттама жазыңыз.
- Ахейлік Грекия. 106 беттегі суретке қарап, Микены қаласына сипаттама жазыңыз.
- Б.з.б. 11-9 ғ. Грекияға сипаттама жазыңыз.
- 107 беттегі «Тарихи тұлғалар. Гомер және оның дастандары» мәтінге зер салыңыз.
№ 22 Грекиялық қала-мемлекеттер
- Б.з.б. 8-6 ғ. өзгерістерге және қала-мемлекеттерге (полистерге) сипаттама жазыңыз.
- 110 суретке қарап, Афины мемлекетінің қалыптасуы, Солон реформасына мен Клисфен өзгерістеріне сипаттама жазыңыз.
- 111 беттегі суретке қарап, Ежелгі Спарта мемлекетінің қалыптасуы мен спарталықтардың өміріне сипаттама жазыңыз.
№ 23 Ежелгі Грекияның қоғамдық-саяси құрылысы мен шаруашылығы
- 113 беттегі картаны пайдаланып, грек-парсы соғыстарына сипаттама жазыңыз.
- 114 беттегі суреттерге қарап, гректердің шаруашылығына сипаттама жазыңыз.
- 116 беттегі суреттерге қарап, саяси құрылысы мен қоғамдық құрылысы сипаттама жазыңыз.
- Полистер арасындағы күрес – Пеллопонес соғысы қалай болды?
- 117 беттегі мәтіндерге назар аударыңыз.
№ 24 Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) мемлекеті
- № 13 параграфтың 1 сұрағын еске түсіріңіз. Македонияда мемлекеттің қалыптасуына сипаттама жазыңыз.
- 119 беттегі суретке қарап, Ескендір Зұлқарнайын және оның Шығысқа жорығыеа сипаттама жазыңыз.
- 120 беттегі суретке қарап, Парсы патшалығын бағындыруына сипаттама жазыңыз. 120 беттегі картаға қарап, Ескендірдің Шығысқа жорығына сипаттама жазыңыз.
- Әскери наразылықтар, соғыстың аяқталуы қалай болды?
- 122 беттегі мәтінге зер салыңыз. 123 беттегі А. Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасын оқыңыз.
8 тарау Ежелгі Грекия мәдениеті
№ 25 Ежелгі Грекия тарихшылары мен философтары
- Интернет көздерінен әйгілі грек тарихшылары Геродот, Фукидид және Ксенофонт туралы деректер іздестіріңіз және сипаттама жазыңыз.
- Интернет көздерінен әйгілі грек философтары Демокрит, Платон және Аристотель деректер іздестіріңіз және сипаттама жазыңыз.
№ 26 Ежелгі Грекиядағы білім мен ғылым
- Ежелгі Грекиядағы білім және 128 беттегі суретке қарап, ақын Гомерге сипаттама беріңіз.
- 129 беттегі суретке қарап, гимназия, лицей, академия сипаттама беріңіз.
- Грек ғалымдары Пифагор, Фалес және Гиппократ туралы интернет көздерінен деректер іздестіріңіз және сипаттама жазыңыз.
№ 27 Ежелгі Грекияның өнері
- Күнделікті өмірі мен мерекелері қандай еді?
- 133 беттегі суреттерді пайдаланып, гректердің олимпиада ойындары мен діни наным-сенімдеріне сипаттама беріңіз.
- Аңыз-мифтер мен 135 беттегі суретті пайдаланып, грек театрына сипаттама жазыңыз.
- 136,137 беттердегі суреттерге назар аударып, сәулет және мүсін өнеріне сипаттама жазыңыз.
- 138 беттегі Геракл туралы мифтен үзіндіге және суреттерге назар аударыңыз.
9 тарау Рим империясының гүлденуі
№ 28 Ежелгі Римнің саяси және қоғамдық құрылысы
- 139 беттегі картаға қарап, Ежелгі Римнің географиялық жағдайына сипаттама жазыңыз.
- 140 беттегі суреттерге қарап, Патшалық, Республика кезеңдеріндегі саяси және қоғамдық құрылысына сипаттама жазыңыз.
- 141,142 беттердегі суреттерге қарап, Римнің жаулаушылық соғыстарына сипаттама жазыңыз.
- 143 беттегі картаға қарап, Спартак бастаған құлдар көтерілісіне сипаттама жазыңыз. 143 беттегі мәтінге назар аударыңыз.
№ 29 Рим империясы
- Басқару жүйесі, принципат және доминат туралы сипаттама жазыңыз.
- Әлеуметтік құрылымы: құлдар, шаруалар, шаруашылығы мен тұрмысы туралы сипаттама жазыңыз.
- Дағдарысқа ұшырауы туралы сипаттама жазыңыз.
№ 30 Ежелгі Римнің мәдениеті
- Мәдени дамудың негіздері мен ерекшеліктері, римдік дін, білім жүйесі туралы сипаттама жазыңыз.
- Римнің әйгілі ақын-жазушылары: Вергилий, Гораций және Овидий туралы интернет көздерінен деректер іздестіріңіз және сипаттама жазыңыз. 154 беттегі Вергилийдің «Энеида» дастаны атты мәтінге зер салыңыз.
- Римдік құқық. Заңдар жинағы туралы сипаттама жазыңыз.
10 тарау Дәуірлер тоғысындағы Рим
№ 31 Христиандықтардың пайда болуы
- Діни түсініктер, алғашқы христандық еңбектер туралы интернет көздерінен деректер іздестіріңіз және сипаттама жазыңыз.
- 157 беттегі суреттерге қарап, христиандықтардың пайда болуы туралы мәселеге сипаттама жазыңыз.
- Иисус Христос (Иса) шағын эссе жазыңыз.
№ 32 Рим империясындағы алғашқы христиандар
- Христиандық діни ілім мен ғұрыптарды зерделеп, мұсылмандық діни ілім мен ғұрыптармен салыстырыңыз.
- Алғашқы христиандық қауымдар. 160 беттегі кестені толтырыңыз.
- Алғашқы христиандарды неге қудалау жүргізді. 161 беттегі суретті пайдаланып, «христиандарды аңға неге талатты» деген сұраққа жауап жазыңыз.
- Ұлы Константиннің діни реформасына сипаттама жазыңыз.
№ 33 Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы
- Жазуға сипаттама беріңіз.
- Әлемнің ғылыми бейнесіне сипаттама жазыңыз.
- Ежелгі Римдегі техниканың дамуы. Колизей амфитеатры. Пантеон храмы туралы деректер іздестіріңіз және сипаттама жазыңыз.
2 бөлімге қорытынды 150 сөз эссе жазыңыз
Ежелгі «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша қорытынды 300 сөз эссе жазыңыз.
- Освальд Шпенглер
- Освальд Шпенглер
- Освальд Шпенглер
- Освальд Шпенглер
Барлық авторлар