Тараз қаласы М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп
Тарих пәні мұғалімі: Жуматаева Шуга Ыкыласовна
Тарих пәні мұғалімі: |
Жуматаева Шуга Ыкыласовна |
||||
Мерзімі: |
|
||||
Пәні |
Дүниежүзі тарихы |
||||
Сыныбы: |
5 «В» |
||||
Тақырыбы |
Ежелгі афиндықтар қаншалықты еркін болды. |
||||
Мақсаты |
5.3.1.1 - ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау; 5.3.1.2 - Афина мемлекетінде демократияның пайда болуын түсіндіру; 5.1.2.1 - ежелгі қоғамның әлуметтік ұйымдасуын сипаттау. |
||||
Күтілетін нәтиже |
Ежелгі Афина мемлекетінің саяси басқару жүйесінің құрылымын білу. |
||||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер |
СТО стратегиясы бағыты бойынша алынған әдіс тәсілдер, топтық жұмыс |
||||
Үйрену мақсатында оқытуды бағалау |
Смайликтер арқылы топты бағалау. Стикер арқылы кері байланыс |
||||
Қолданылатын ресурстар |
Интерактивті тақта, маркерлер, плакаттар, стикерлер, дүниежүсінің саяси картасы. |
||||
Сілтеме |
Дүниежүзі тарихы 5 сынып оқулық авторлары: Б.С.Букаева, Г.Б.Зикирина, Ж.С.Макашева, Д.Н.Мукатаева, И.А.Тен Астана НИШ-2017ж |
||||
Басы |
Кезеңдер |
Әдіс-тәсіл |
Мұғалім іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
І.Ұйымдастыру кезеңі. |
Стикерлер арқылы
«Қар сілікінісі» тренингісі
|
1.Сәлемдесу, түгелдеу 2. Психологиялық ахуал қалыптастыру 3.Топқа бөлу, көшбасшы сайлау Топтарға ат қою. І топ – Монархия ІІ топ – Тирания ІІІ топ - Демократия |
1.Сәлемдеседі, кезекші жауап береді 2.Психологиялық ахуал қалыптастырады 3.Топқа бөлініп, көшбасшы сайлайды |
||
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау |
«Сұрақ меннен жауап сеннен» |
Әр топ оқушылары арнайы үйден дайындап келген сұрақтарын келесі топқа қояды. |
|||
|
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау |
«Сандар сөйлейді» Интерактивті тақтадан сұрақтар жазылған ұяшықтар шығады, сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырбы шығады.
|
1. Ежелгі Гректер «лабиринт» деп нені атаған. 2. Лабиринт дегеніміз не?
3. Гомер деген кім?
4. Гомердің танымал шығармаларын ата. 5. «Илиада» поэмасында Гомер алғаш рет қай қала жөнінде сөз қозғайды? |
1. Кносс қаласы маңындағы Минос патша сарайын атаған. 2. Күрделі адастырмалы шым-шытырық өтпелі жол. 3. Б.з.д VІІІ ғ өмір сүрген ежелгі грек ақыны, жыршысы. 4. «Илиада», «Одиссея» 5. Микены |
|
|
Жаңа білімді меңгерту |
«Ежелгі афиндықтар қаншалықты еркін болды?» Ежелгі Грекия Балқан түбегінде орналасқан. Ежелгі Грекия үш бөліктен тұрады Солтүстік Орталық – Аттика деп аталады. Оңтүстік – Пелопонес деп аталады. Балқан түбегін үш теңіз Иония, Эгей, Жерорта теңізі қоршап жатыр. Соның ішінде бүгін біздің өтетініміз Аттикада орналасқан Афина қала мемлекеті. Афинада алғашқы кезде патшалар билігі болды. Монархиялық басқару болатын. Кейін аристократтар тобында болған олигархиямен алмастырылды. Б.з.д VІ ғ.Афинида тирания пайда болды. Бұл саяси биліктің монархиядан ерекшелігі: тираның өз билігіне заңсыз түрде қол жеткізуі болатын. Тирания жойылған соң, б.з.б. 510ж. Клисфен биліктің жаңа нысаны – демократияға бастау беретін реформаларды енгізді.ания Тирания көбінесе төңкеріс, бүлік жасау арқылы адамның (тиранның) заңсыз түрде билікке келуі нәтижесінде құрылған билік нысаны. Бастапқыда тирания б.з.б. VІІ-V ғасырларда аристократиялық билік кезеңі мен демократиялық билік арасындағы ауыспалы билік нысаны ретінде белгілі болды. Кейін б.з.б. ІV-ІІ ғасырларда бұл билік нысаны жалдамалы әскердің пайда болуына тікелей себеп болды. Демократия Демократия (грек.demos-халық, kratos-билік) - халық билігі немесе халықтың басқаруы деген мағынаны білдіреді. Елдегі барлық азаматтардың теңдей қатысуына негізделген мемлекетті басқарудың саяси жүйесінің нысаны. Клисфен Ежелгі Афинада б.з.б. 510 жылы тиранияға қарсы шыққан қайраткер. Афиналық демократияның негізін қалаған ол б.з.б. 508-507 жылдары көптеген реформалар енгізді. Мысалы, мемлекеттің жаңа әкімшілік құрылымын бекітті. Ол Аттиканы үш аймаққа, әр аймақты он шағын аудандарға бөлді. Әрбір аймақтың үш ауданы бір фильді құрады. Перикл Ежелгі Афинаның аристократ отбасынан шыққан, таланты, дарынды, білімді, шешендігімен даңқы шыққан демократиялық партияның көшбасшысы. Ол б.з.б. 490-429 жылдары өмір сүрген. Досы Эфиальтпен бірге Жоғарғы сотты шексіз биліктен айырған саяси реформаларды енгізген. Эфиальт қарсыластарының қолынан қаза тауып, ал Перикл өз бағытын ары қарай жалғастырды. Ежелгі Афинада б.з.б. 461 жылдан бастап Перикл 30 жыл бойы стратег қызметін атқарды. Сол кезде болған Пелопоннес соғысына Периклдің өзі де қатысып, елі үшін үлес қосты. Соғыс ұзақ уақытта созылып, елде оба ауруы тарады, содан Перикл мен оның екі ұлы да қаза болды, олар атақты Перикл мен Аспасия отбасынан шыққандар болатын. Солон Ежелгі Афинадағы саясаткер, реформатор әрі ақын. Ол б.з.б. 640-560 жылдары өмір сүрген. Ол мемлекетке қарыздарды жою туралы реформаларды ұсынып, қарызы үшін сатылған афиналықтарға бостандық әперді. Афиналықтарды төрт топқа бөлді. Ауқатты шаруалардың жеке еркіндігін қамтамасыз етті. Ең жоғарғы топтың мүшелері лауазымды орынға ие бола алатын, алайда мемлекетке алым төлеу міндетті болды. Солонның реформалары Афинада олигархияның басталуына себеп болды. |
|||
Ортасы |
Сергіту сәті |
«Мозайка» ойыны арқылы өтіледі. |
Ал енді балалар осы жерде ойын ойнап жіберейік. Мен әуен қоямын әуен кез келген сәтте тоқтауы мүмкін. Әуен тоқтағанда алдымыздағы мозайка қолымызда құрастұруымыз керек. Құрастырған мозайкамыздан мәтіні бар тақырыпшалар шығуы тиіс. Құрастырып аяқтаған топ шеңбер құрап тұрады. |
|
|
Постер қорғау.
|
Топтастыру. Әр топ тақырыпшалары. 1-ші топ: Демократия халық билігі 2-ші топ: Афинадағы өмір 3-ші топ: Тарихи тұлғалар. Перикл, Солон. |
Әр топ өз тақырыпшаларын ашып постер қорғайды.
|
|||
Дәптермен жұмыс |
Термин сөздер |
Демократия, полис, азамат, халық жиналысы бес жүздік кеңес, ариопаг, тирания, манархия |
|||
ІV. Қорытынды |
Афины мемлекеті б.з.б.Vғ ортасында қуатты бай мемлекетке айналды. Афины флотты, қуатты әскери мемлекет болды. Сондықтан афинылықтарды «Теңіз қожасы» д.а. Біз Афина халқының Vғ қалыптасқан демократиялық біилік жүйесі туралы аттық. Осы жерде балалар біз ҚР басқару жүйесін айтып өтсек деймін. ҚР президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет. Президент Мемлекеттік билік органдары Заң шығарушы атқарушы сот билігі Парламент үкімет Жоғары сот жергілікті сот сенат мәжілік |
||||
Соңы |
V .Бекіту |
«Орнын тап». |
Интерактивті тақтадан пирамида суреті мен шашыраңқы афиналық тұрғындардың суреті шығады. Оны пирамидаға ретімен (лауазымен) орналастыру керек. |
Аристократ Әскер Саудагер Қолөнерші Егінші Құл |
|
Картамен жұмыс |
Оқушылар картадан Ежелгі Грекия, Аттиканың қай жерде орналасқанын көрсетеді. |
|
|||
VІ. Бағалау |
«Көңіл-күй» смайлигі |
Мұғалім қорыта бағалайды. |
Әр топ оқушылары бір-бірін әртүрлі көңіл күйдегі смайликтермен бағалайды. |
||
Кері байланыс |
Ал балалар, топқа бөлу кезіндегі түрлі-түсті қағаздарымызды ашып, бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді жазыңдар. |
Топқа бөлу кезіндегі түрлі-түсті жиребе қағаздарын ашып, сабақта алған әсерлерін жазып, кері байланыс ағашына іледі. |
|||
|
VІІ. Үйге тапсырма |
Термин сөздердің анықтамаларын дәптерге жазу. Осы тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап дайындау. |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі