Тараз қаласы №17 бөбекжай-бақшасының
екінші санатты тәрбиешісі Бакбергенова Асель Ауесхановна
Әдістемелік ұсыныстар «Серуен - мектепке дейінгі балаларды сауықтырудың маңызды шарттарының бірі»
Серуен – мектепке дейінгі мекемеде бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі. Серуеннің мақсаты – бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдыналу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру.
Серуеннің міндеті: Қарапайым жағдайда организмді шынықтыру. Мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру. Баланың қимыл-белсенділігін арттыру. Баланың танымдық көркемдік-эстетикалық әлеуметтік тұлғалық дамуына ықпал ету.
Серуеннің мазмұны:
1. Бақылау
2. Еңбекке баулу
3. Қимыл белсенділігін арттыру қимылдық спорттық, ойындар мен жаттығулар.
4. Баламен жеке жұмыстар
5. Балалардың өз бетінше әрекеті
Жоғарыда атап өткендей, мектепке дейінгі мекемеде серуенді дұрыс ұйымдастырудың маңызы ерекше. Серуеннің ұйымдастырылуын арнайы кесте арқылы талдау әдіскердің де тәрбиешінің де жұмысын жеңілдетеді. Тәрбиеші өзіне қандай талап, қойылып отырғанын біледі, және серуенді жоспарлағанда жан-жақты ескеріп отырады.
Бақылауға келсек, мысалы, қазір көктем мезгілі.
Тақырып: «Табиғат жайлы әңгімелесу»
Мақсаты: Балалардың дүние танымын, тіл байлығын дамыту.
- Табиғат дегеніміз не?
Табиғат –жер, тау, ағаш, су, орман, өсімдіктермен жан-жануарлардан тұратын қоршаған орта.
Мақал-мәтел: «Адамның табиғатсыз күні жоқ, Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ»
Еңбек: Топ ауласын бұтақтардан, қоқыстан тазалау.
Мақсаты:Балаларды тазалыққа бейімдеу, еңбекке баулу.
Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы:
«Өз үйінді тап»
Ойын шарты: Ойыншылар 3-4 кішкентай аласа ұзынша орындықтарда отырады. Барлық балаларда әдемі үлкен ойыншықтар –бірінші тұрған ұзынша орындықта қуыршақ, екіншісінде –ит, үшіншісінде –мысық, төртіншісінде –аю, қоян. Тәрбиешінің «Серуенге шығамыз» деген нұсқаумен барлық балалар орындарынан тұрып тәрбиешінің соңынан жүреді. Серуен барысында балалар түрлі қозғалыс қимылын орындайды. Тәрбиешінің «Жаңбыр жауа бастады» деген нұсқауымен балалар өз үйлеріне қарай жүгіреді. Ойынды қайталау барысында тәрбиеші балаларға білдірмей ойыншықтардың орнын ауыстырып, қояды. Балалар өз үйлерін тез, адаспай табуы керек.
«Жүгіріп қағып ал»
Ойын шарты: Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші үлкен әдемі доппен балаларға қарама-қарсы тұрады. Тәрбиеші «Бір лақтырамын, екі лақтырамын, үш лақтырамын, кім жүйрік қағып алсын!» -деп допты лақтырады да, өзі қағып, алып, «Қаға алмадыңдар қайта жүгіріңдер» дейді. Балалар өз орындарына қайта барып тұрады. Ойын жалғасады. Ойын кезінде балалардың қағып алуына мүмкіндік жасап, қойып жүреді. Қалған балалар соңына еріп жүреді.
«Құстың қауырсыны кімге барады»
Ойын шарты: Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші құстың қауырсынын алып, үрлейді. Барлық бала-жан-жаққа қаша жүгіреді, ойын жалғасады.
«Жалауға қарай жүгір»
Ойын шарты: балалар тәрбиешіге қарама-қарсы тұрады. Тәрбиеші қолындағы жалауды жоғары көтереді. Балалар тәрбиешінің қасына жиналады. Жалауды қайта түсіргенде балалар жан-жаққа тарап, кетеді. Ойын бірнеше рет қайталанған соң , бір бала жалауын көтеріп, жүреді, басқа балалар соңынан еріп жүреді. Ойын басынан қайталана береді.
«Күн мен жаңбыр»
Ойын шарты: Балалар ашық алаңда еркін ойнап, жүреді, гүл тереді, көбелек қуады, секіреді, жүгіреді. Тәрбиеші "Жаңбыр жауды !" дегенде балалар пана іздеп үйшіктерге тығылады. Тәриеші «Күн шықты!» дегенде балалар қайта алаңға шығып ойындарын жалғастыра береді.
«Ұшақтар»
Ойын шарты: Балаларды ойын алаңына еркін тұрғызып, тәрбиеші өзі ұшақ болып көрсетеді. Тәрбиеші «Ұшақтар ұшады» деген кезде барлық бала ұшақ болып, ұшады. «Ұшақтар қона бастады!» дегенде барлық бала өз орындарына келіп қона бастайды. Тәрбиешінің бастауымен ойын жалғасады.
«Автобус»
Ойын шарты: Балалар қатарға бір-бірден тұрады. Тәрбиеші автобус жүргізуші. Қалғандары жолаушылар. Тәрбиеші дыбыс берген кезде автобус жылжи бастайды. Ең әуелі баяу кейін жылдамырақ жүреді. Балалар жүрісті баяулатады. Жүргізуші автобусты тоқтатады. Ойын тағы жалғасады.
Серуенді ұйымдастыруда төмендіге жағдайларға көңіл бөлу:
1. Жер үлескісінде ойындар ұйымдастыруға жағдай жасау.
2. Серуенді балалардың денсаулығын нығайтудың ең маңызды құралы ретінде кеңінен қолдану
3. Балалардың киімі мен аяқ киімінің ауа-райына сай болуы
4. Балаларға жекелей ықпал ету
5. Балалардың қимыл қозғалысы әрекетін тыныш әрекетпен іскер реттеуге алу
6. Балалар өмірімен денсаулығын қорғау техникалық қауіпсіздіктің талаптарын сақтау
7. Серуенді өткізу деңгейін көтеруде
8. Серуенге бөлінетін уақытты азайтуды болдырмау
9. Серуеннің құрылысын сақтау
10. Баланын үнемі бос болмауын ұйымдастыру қажет
Табиғатпен байланыс, ойластырылған байқауларды, серуендерді, әңгімелерді ұйымдастыру – экологиялық тәрбиені дұрыс жолға қою мен қажетті нәтижені алудың кілті. Сондықтан тәрбиешілердің балалармен жүргізетін негізгі жұмыстары табиғат аясында өтеді; бақшалар ауласында, қысқы бақтарға, саябақтарға және қала сыртына саяхаттар жасайды.
Табиғат аясында болғанда балалардың бойында адами тұлғаның баға жетпес қасиеті қалыптасады, ол – байқау, қадағалау. Сол себепті, біз баланың бойында біліктілік, танымдық қасиеттерін тиісті мерзімде қамтамасыз етуіміз өте қажет деп есептейміз. Жеңілден ауырға қарай іс-әрекеттерінің мәселелерін аңғартып, кез-келген құбылыстардың барлық қиындықтары мен көпқырлылығын көрсетуіміз керек.
Серуендерді өткізгенде дидактикалық, қозғалыс, танымдық, сюжеттік ойындарға аса маңызды көңіл бөлінеді.
Табиғат аясында өткізілетін сабақтар балаларға қатты ұнайды. «Жүз рет естігеннен де , бір рет көрген артық» деген сөз бар, ол тегін айтылмаса керек. Объектілерді немесе басқа да құбылыстарды байқау, тікелей қадағалау мен табиғатты аялаудың мәні зор. Көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші, балалардың орман ішіне серуенге шығуы, құстардың шиқылдаған дауыстары, самал желдің дауысы естіледі. Сиқырлы серуенде ойламаған жерден қиын жағдайлар болып қалады да, табиғатқа көмек көрсету керек болады. Ондайда балалар ойланбастан көмек беруге асығады.
Күнделікті өмірдегі тәжірибеде балалармен мына жұмыстың түрлерін кеңінен қолданамыз: күнтізбе бойынша табиғатты байқау, тірі табиғат бұрышына кезекшілікті ұйымдастыру, театрланған көріністі көрсету, тақырыптар бойынша альбомдар құрастыру.
Біздің жұмысымызда балалардың шығармашылығына көп көңіл бөлінеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі