Алматы облысы
Еңбекшіқаза ауданы
ЖШС «Қошақан саябағы»
бөбекжай балабақшасының меңгерушісі А.К.Досжанова
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән - мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі.
Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой - өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.
М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі және оның маңызы
Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагок, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік жұмыс атқарады. Мария Монтессори италиялық дәрігер әйел. Бұл жүйені осыдан 100 жыл бұрын сол ойлап тапқандықтан, соның атымен аталады. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Оның негізгі қағидаты – «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай - ақ олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі – баланың жеке қабілетін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл Монтессори ортасы деп аталады. Бұл ортада психологиялық жайлылық, таңдау еріктілігі және педагогтің сабырлы адамгершілігі салтанат құрады. Бұл күндері жүйені баяғыдан бері пайдаланып келе жатқан Жапония, Қытай, Сингапур, Германия секілді мемлекеттерде интеллектуалды дамыған адамдардың көптігі осыған байланысты екеніне біртіндеп көз жеткізіп келеміз. Тіпті сол дамыған мемлекеттерде тек жалпылама адамдар емес, ұлттың өзі интеллектуалды ұлт ретінде қалыптасып отырғаны белгілі. Бала жас кезінде жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай қарай иіледі. Жақсыға үйретсең, жақсылап үйретсең тез қабылдайды. Осы тұрғыдан келгенде Монтессори әдісін балабақшамызға енуі жақсы бастама деп ойлаймын. Бұл ауру балаларға қолданғанда Монтессори терапия деп аталады.
Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері.
Мария Мантессори - 1870 жылы 31 тамыз айында дүниеге келген.
Итальяндық педагок, әрі дәрігер. Ол балаларды еркін тәрбиелеу идеясын жасап, өмірге енгізді. 1896ж Рим Университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М. Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылады.
Университеттің емханасында ақыл - ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді.
1900 ж Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен, ол саусақтардың ұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардыңөзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп, Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады.
Бірқатар уақыт өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу, жазу және есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.
1909 ж бастап М. Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады. Түрлі елдердің педагогтары үшін курстар ашылды. 1910ж әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Монтессори әдісі» атты кітап жарық көрді.
1929 ж Мария Монтессори қазіргі кезде де жұмыс істеп жатқан халықаралық Монтессори Ассоциациясының (АМІ) негізін салды. Көптеген еңбектерін шығарды, оқу курстарын жүргізді, психологиялық еңбектер жазды. 1950ж оған Амстердам университетінің профессоры атағы, докторлық құрметті дәрежесі берілді.
Бұл әдіс бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтессори әдісінің негізгі қағидасы -, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай - ақ, олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори бөлмесінде «Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады.
Бүгінде осы әдіспен жұмыс істейтін балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді. Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ, мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды. Монтессори әдісі үш негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз.
Монтессори әдісінің мақсаты:
- балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;
- өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;
- балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.
Монтессори ұстазының міндеті:
- балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу;
- негізгі түстерді айыра білуге үйрету;
- ұсақ моториканы дамыту;
- алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру;
- зейінін тұрақтандыру;
- тәртіпке үйрету;
Қорытындылай кетсек бүлдіршіндер, Тәртіп пен еркіндіктің үйлесімі арқылы:
- қарапайым ережелерд ісақтап тәртіпке үйренеді;
- дербестікке үйренеді;
- жан-жақты, ықыласты болады;
- саналы таңдау жасауға үйренеді;
- бақылағыштыққа үйренеді;
- өзін және басқа адамдарды қадірлеуді үйренеді;
- тұлға ретінде өзін – өзі қалыптастырады;
- сенің құқығың басқалардың құқығы басталатын жерде шектеледі;
- келісім жасасып, бірге әрекеттенуге үйренеді;
- жауапкершілікті сезінуді үйренеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі