Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық “Жас ұлан” мектебі
Математика пәні мұғалімі
Әлібекова Қымбат Әлібекқызы
Пәні: Геометрия |
Мектеп: |
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Әлібекова Қымбат Әлібекқызы |
|
Сынып: 10 |
Қатысқан оқушы саны: |
Сынып: 10 |
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары |
түзу мен жазықтықтың параллельдік белгілері мен қасиеттерін білу, оларды есептер шешу кезінде қолдану. |
|
Сабақтың тақырыбы |
Түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісі. |
|
Сабақтың мақсаты |
Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың өзара орналасуын қарастыру. Түзу мен жазықтықтың параллельдік белгілері мен қасиеттерін білу, оларды есептер шығару кезінде қолдану. |
|
Жетістік критерийлері |
- Кеңістікте түзу мен жазықтықтың орналасу жағдайларын біледі; -Түзу мен жазықтықтың параллельдігінің белгісін және қасиеттерін түсінеді; -Түзу мен жазықтықтың параллельдігінің белгісін және қасиеттерін есептер шығаруда қолданады. |
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар: - стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын тұжырымдайды; - кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуының қасиеттерін тұжырымдайды; - кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың параллельдігін түсіндіріп айтады; сызбаның салынуын түсіндіреді. Пәнге қатысты лексика мен терминология: - стереометрия; - жазықтық; - кеңістік; - айқас түзулер; - тетраэдр; - параллелепипед; - параллель жазықтықтар. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - ... фигуралардың қасиеттерін зерттейтін геометрия бөлімі — стереометрия; - айқас түзулер деп ... ; - бір түзуде жатпайтын үш нүкте арқылы ... жүргізуге болады; - егер әр түрлі екі жазықтықтың ортақ нүктесі болса, онда ... ; - егер түзудің екі нүктесі жазықтыққа тиісті болса, онда түзудің барлық нүктелері ... ; - егер кеңістікте түзу жазықтыққа параллель болса, ...; - екі жазықтық параллель болады, егер ... ; - ... жазықтығы түзуді қамтиды; - ... нүкте үшбұрыш жазықтығына тиісті емес; - ... түзу жазықтықты қияды; - ... түзулер бір жазықтықта жатпайды; ... жазықтықтардың ортақ нүктесі бар. |
|
Құндылықтарды дамыту |
Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу. |
|
Пән аралық байланыс |
физика, география |
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақта,интернет ресурстары (сайттар, есептер), таратпа материалдар, көрнекі-демонстрациялық құралдар, фигуралар |
|
Бастапқы білім |
Планиметрия аксиомаларын білу, жазықтықта түзулердің өзара орналасуын түсіну, жазықтықта арақашықтықты және бұрышты таба білу, жазық көпбрыштардың қасиеттерін білу. Жазықтықта сызба салу дағдысы. |
Сабақ барысы |
||
Сабақтың кезеңдері |
Сабақта орындалатын іс-әрекеттері |
Оқыту ресурстары |
Басы 5 минут
|
«Жақсылық тамшысы» Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді. Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыруға көңіл бөлу. Оқушыларға суреттер ұсыныңыз. Мысалы:
Оқушылардан түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы туралы ой-пікірлерін сұраңыз. Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау |
|
Негізгі бөлім 23 минут |
Оқушылардың берген тұжырымдарын толықтырыңыз,арнайы символдар арқылы белгілеуді ұсыныңыз. Анықтама. Түзу мен жазықтық ортақ нүктелері болмаса, олар параллель деп аталады. немесе: Кеңістікте қиылыспайтын түзу мен жазықтықтықты өзара параллель деп атайды. Тапсырма. Берілген жазықтықтарға параллель түзулерді атаңыз Түзу және жазықтықтың параллельдік белгісі Егер жазықтықта жатпайтын түзу осы жазықтықтағы қандай да бір түзуге паралель болса, онда бұл түзу берілген жазықтыққа параллель болады. 1салдар. Егер жазықтық басқа жазықтыққа паралель түзу арқылы өтсе және осы жазықтықпен қиылысса онда бұл жазықтықтардың қиылысу түзуі берілген түзуге параллель болады. 2 салдар. Егер параллель екі түзудің біреуі жазықтыққа параллель болса, онда екінші түзу осы жазықтықта жатады немесе оған параллель болады. Жалпы сыныппен жұмыс: «Талдаңдар және шешуін жазыңдар» Есеп1. АВС үшбұрышыңда АВ қабырғасында D нүктесі , ВD:ВА = 1:3 қатынасындай таңдалынып алынған.АС қабырғасына параллель D нүктесі арқылы , ВC қабырғасын D1 нүктесінде қиып өтетін түзу жүргізілген DBD1 және АВС үшбұрыштарының ұқсастығын дәлелдеу керек. Табыңыз АС, егер DD1=4см болса. Есеп 2. СDE үшбұрышының СD қабырғасы К және Р ал DE қабырғасын М және N нүктелерінде қиып өтетін және жазықтықтары СЕ қабырғасына параллель өтеді. DK кесіндісі РК –дан екі есе кіші, ал СР кесінлісі РК –дан екі есе ұзын. СЕ қабырғасын табыңыз, егер КМ=6 см болса. Жұптық жұмыс Есеп 3. АВС үшбұрышының АВ қабырғасында D нүктесі ВD:ВА = 1:3 қатынасындай етіп таңдалынып алынған. AC IIa болса, онда ВD1 : D1C қатынасын табыңыз. |
Слайд
Слайд
|
Жеке жұмыс 7 минут
|
1 тапсырма. Берілгені: AB //α, AB = 7, ABK Ç α = CD, AC = 6, CK = 8.
2тапсырма α жазықтығы ABC үшбұрышын AB и AC қабырғаларында қияды. BC // α, AB : B1B = 8 : 3, AC = 16 см. 1. дәлелде В1С1 // BC. 2. AC1 .тап
|
Оқулық
Слайд
|
Соңы 5 минут |
Сабақты бекіту Рефлекция «Бір минуттық эссе» әдісі бойынша сабаққа кері байланыс алу. -Қай есептер сен үшін түсініксіз болды? -Қай тақырыптар қайталауды қажет етеді? Үйге тапсырма |
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі