Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қаратоғай ауылы
"Қаратоғай ЖОББ" КММ педагог-психолог Ещжанова Айнұр Нұржанқызы
Уақыты: 22.10.21
Тақырыбы: «Сенімділік кілті»
Мақсаты: оқушылардың ҰБТ және мемлкеттік емтиханға дайындығында өзіне деген сенімділіктерін қалыптастырып, пайдалы қарым – қатынас алгоритмін меңгерту.
Қажетті құралдар: қағаз, қайшы, түрлі түсті қарандаштар, музыка т.б.
Жүру барысы:
І. «Амандасу» жаттығуы
Нұсқау: Оң қолымызды маңдаймызға қойып, жан – жағымызға қараймыз. Қатысушылар бір бірінің жүздерін көрмеуі қажет, себебі бәрі бір мезгілде қимыл жасайды. Енді сол қолымызды маңдайымызға қоямыз, қимылымызды қайталаймыз. Сізден әдемі, сізден сенімді ешкімді көрген жоқсыздар. Олай болса өзімізге «мен әдемімін, мен сенімдімін» деп сенім білдіреміз.
ІІ. «Әдемі қорапша» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың қызығушылық деңгейін және сенім деңгейін анықтау.
Психолог: «Менің қолымдағы қорапшада менің өмірімде ерекше рөл атқаратын, менің өмірім үшін өте маңызды, менің өмірім үшін ең қажет бір зат бар, сіздер оны көргідерің келедіме? Психологтың міндеті – сендіре білу.» (Оқушылар өз қалаулары бойынша ортаға келіп қарауларына болады)
Талдау:
— Қалай ойлайсыздар, мен сіздерді сендіре білдімбе?
— Немесе сендер сеніп қалғандықтан емес, қызығушықпен қарадыңыздарма?
Психолог оқушыларға адамда әр нәрсе қызығушылықтың болуы дұрыс, бірақ қызықтырғанның барине сене беруге болмайтындықтарына көз жеткізуі керек.
ІІІ. «Керемет дүкен» жаттығуы
Мақсаты: құндылықтардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Психолог: мен «Керемет дүкеннің сатушысымын, менің дүкенімде сендерге қажетті құндылықтар сатылады, ол құндылықтарды алу үшін сіздер маған өздеріңіздің қажетті құндылықтарыңызды айырбастайсыздар»
Дүкенде сатылатын құндылықтар: сенім, жеңіс, мақтау, белсенділік, денсаулық, жетістік
— Кімге қиын боды? Неліктен?
— Неліктен айырбастамадық?
— Психолог қатысушылардың ойын тыңдап болғаннан кейін адам өз өміріндегі құндылықты ешкімге және ештенеге айырбастамауы қажет және бағалай білу керектігін айтып өтеді.
ІҮ. «Менің мүмкіндіктерім» жаттығуы
Қатысушылар жеке – жеке берілген ақ парақтарға төмендегі сөздерге жауап жазады:
— Істегім келеді
— Істей аламын
— Істеуім керек
Талдау:
Қатысушылардың ойлары тыңдалады, сұрақтарға оқушылар олимпиадаға дайындығы төңірегінде жауап беруі керек.
Ү. «Түс терапиясы»
Нұсқау: Қатысушыларға өздерінің қалаған түстерін таңдау ұсынылады және неліктен сол түсті таңдағанын түсіндіруі керек. Психолог түстердің адам өміріндегі алатын орнын және таңдау ерекшеліктерін айтып, кеңес береді. (Слайд түрінде көрсетіледі.)
ҮІ. «Би терапиясы»
Нұсқау: Алдын ала дайындалған ақ плакатка адамның табанының суреттері салынады, екі түрлі түспен. Ортаға екі қатысушы шығып, музыкаға ілесе отырып, өз табан іздерінен шықпай билеуі керек.
— Қандай сезімде болдыңыздар?
— Музыка мен би біздің сезімімізге әсер ете алады ма?
Қатысушылардың тренингтен кейінгі сезімдері мен алған әсерлері сұралады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі