Өлең, жыр, ақындар

Абай Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге»

Сарсенгалиева Гулайым Бакытжановна
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы
Ақжайық ауылы Ақжайық ЖОББМ
жанындағы интернат тәрбиешісі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев жайлы түсінік беру, музыка әлеміндегі Абайдың алатын орнын анықтап, қазақ музыкасына қосқан үлесін айқындау.

2. Дамытушылық: өз ойларын емін-еркін айтуға, есту қабілетін арттыру, сөздік қорларын молайту;

3. Тәрбиелік: музыка сүйіспеншілігін арттыру, қазақ музыкасын сүйіп тыңдауға тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, музыка тыңдау

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка

Сабақтың көрнекі құралдары: Абай Құнанбаев туралы бүктемелер, интерактивті тақта, аудио, бейне жазбалар

Сабақтың өтілу формасы: жекелей, топтық, жұптық

Қолданылған технология: Дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі  Оқушылармен сәлемдесу  Сабақтың жоспарымен, мақсатымен таныстыру  Сыныпты топқа бөлу

І. Сабақтың жоспары

1. Нені білеміз? Абай туралы не білеміз? (өткен тақырыптар туралы сұрақ- жауап)

2. Нені білдік? Абайдың музыкалық шығармашылығы (үй тапсырмасын сызба арқылы қорытындылау)

3. Нені білгіміз келеді? “Абай әндері (жаңа сабақты түсіндіру)

4. “Көзімнің қарасы” әні (оқулықпен, таратпалы матриалдармен жұмыс)

5. Қазақ халқының ұлы ақыны. ( жаңа сабақты бекіту)

ІІ. Білімді тексеру кезеңі. Нені білеміз? (топтық жұмыс)

1. Абайдың өмірі жайлы не білеміз? І топ.

2. Абайдың шығармалары жайлы не білеміз? ІІ топ.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 2. Нені білдік (үй тапсырмасын тексеру) Нені білгіміз келеді?

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі Мұғалімнің кіріспе сөзі, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, «Абай және музыка» презентациясын көру Абай Құнанбаев (1845-1904) Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген.Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегі, аңыз-әңгімелерді айтып, Абайды тәрбиелеп отырады. Әкесі Абайды 10 жасында Семейдегі діни мектепке береді. 13 жасында Абайды әкесі оқудан алып шығады. Семейде жүргенде Абай орыс тілін үйренуге тырысады.Үш ай орыс мектебінде оқиды. Абай Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты көп оқып, солардың шығармаларын қазақ тіліне аударады. Біз Абайды ұлы ақын, аудармашы, сазгер деп танимыз. Абайдың халық арасына тараған көптеген әндері бар. Абай өзінің өлеңдерін әр түрлі тақырыптарда жазған. Мысалы: табиғат туралы, оқу-білім туралы, өмірдегі адамдар жайлы. А.С.Пушкин И.А.Крылов М.Ю.Лермонтов Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән- күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына – ауыл- аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды. «Май Түні» 1923 жылы Ғ. Сармурзин Абайдың Ақылбайдан туған немересі Исрайылдан, ал Исрайыл Абайдың өзінен үйренген. Исрайылдың айтуынша, Абай бұл күйін жайлаудағы түнгі сауық-сайранда отырып шығарыпты. Күй табиғат сұлулығын бейнелеген, 2 бөлімнен тұратын лирикалық туынды. Музыкалық әуені Абай әндерімен сарындас, жазғы жайлаудың түнгі көрінісін, жастардың кеңілді сауық-сайранын елестетеді. Сөздікпен жұмыс Ұлы- великий Медресе –мусульманская духовная школа Өз бетінше –самостоятельно Мәдениет-культура Ынталы –прилежный Осында жүріп-находясь здесь Кейін-потом Жасынан –с детства

1. Абайдың әндері аудиотаспадан тыңдап, видео жазбалар көру

2. Оқушылар әннің мәтіндерімен танысады .

V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі «Қай топ көп біледі?» сұрақ-жауап, тест ретінде тексеріледі

1. Абай қай жылы дүниеге келді?

2. Әжесі кім?

3. Анасы кім?

4. Ол кімнің шығармаларын аударды?

5. Неше жасында оқуға барды?

6. Абайдың шығармаларын ата

7. Абайдың әндерін ата?

8. Абай әндерінің ерекшелігі неде?

2. Ойна да ойла

VІ. Үйге тапсырма: Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңді жаттау

VІІ. Оқушыларды бағалау


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер