Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту жəне бейімдеу орталығының
психологы: Турсынбекова Зауре Азизбековна
Тренинг
Тақырыбы: «Ғажайып көбелек».
Сабақтың әдіс-тәсілі: ертегітерапия, арт-терап, құмтерапиясы.
Мақсаты: Балалардың танымдық және шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру. Ішкі күйзелісті түсіру,релаксация. Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту. Өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру.
Тренинг барысы
I бөлім «Баланың эмоционалдық саласын дамыту»
Кіріспе сөз.
Психолог: Міне сендерді өзімнің бүгін көріп тұрғаныма қуаныштымын.
Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук- тук дейді. Енді осы кішкене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді жылытайық. Бір–бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болымыз керек. Балалар, мен сіздерді бүгін сиқырлы орманға, саяхатқа шақырамын қараңдаршы, айнала қандай әдемі.
1.Ойын: «Жаңбыр».
Психолог: Балалар сендер шыныққан сайын таңғажайып әлеміне жан біте бастады.
1. Жылы жаңбыр да жауды (екі қол артта, кезек-кезек алдыға созу).
2. Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).
3. Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады. (Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу).
4. Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр. (Қолды қанатша қағып, отырып-тұру).
5. Жан-жануарлар да ояна бастады. (Жерге тіземен тұрып аяқтарын созу).
6. Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр. (Лотос қимылы)
Мына әдемі көбелек біздерді қайда шақырып тұр ? Кәне артынан барайықшы
Құм салынған үстелге жақындайды.
- Құм терерапия жаттығуы.
- Қолды құмға салу.
- Саусақтарының арасынан құмды уқалау.
- Қолды құмға жасыру.
- Құмды себелеп құю.
Балалар, енді кілемге жайғасып отырайық, ертегі тыңдайық «Ғажайып көбелектің түсі» ертегіні айтады, Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында түстер көбелектері өмір сүреді. Күндіз олар ұйықтап жатады, ал түн болғанда оянып, жан-жаққа ұшады. Әр көбелек өз адамына, үлкенге де кішіге де ұшып барады. Түстер көбелегінің қанаттары ғажайып. Оның қанатынан гүлдің, жаңбырдың иісі шығып тұрады. Көбелек қанатымен қағып қалса, сол адамға жақсы түс кіреді, ал қара көбелек қанатымен қақса қорқынышты түстер кіреді. Өз түстеріңді естеріне түсіріңдерші, сіздер қандай түстер көресіңдер?
2. «Қорқынышты түстер көресіңдер ме»? жаттығу.
Нұсқау: Психолог балаларға қорқынышты түстер көрсететін көбелектердің көрсетіп оларды жыртып тастауға ұсынады. Балалар қара көбелектерді жыртады.
Психолог: Міне, біз енді ондай түстерден қорықпайтын боламыз. Балалар біз мына көбелектерге қандай түс көргілерің келеді? Соның суретін салып бояйық. Балалар сурет салады.
3. «Болады, болмайды» жаттығуы.
Нұсқау: Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса- онда аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді- алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр- аяқтарын топылдатады. Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Мысық ұйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып отыр.
4. Релаксация. «Ғажайып көбелектер» бейнефильм көрсету.
II бөлім «Баланың танымдық саласын дамыту»
1. Ойлау қаблетін дамыту әдістемесі: «Төртінші артық»
Нұсқау: Берілген төрт сөздің ішінен үш сөз ортақ белгілеріне байланысты бір ұғымға біріктіріледі, ал бір сөз бұларға қосылмайды, сол артық сөзді алып тастау керек. Мағынасына қарай сай келмейтін сөзді қатардан тап та сызып таста. Тапсырманы тез әрі қатесіз орындау керек. Бала берілген нұсқауды ұқпаса, бір-екі мысал келтіріліп түсіндіріледі, онда да түсінбесе мұғалім баламен бірлесе отырып жұмыс істейді. Балаға жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі. Психолог уақытты және тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын хаттамаға түсіріп отырады. Тапсырма балдық жүйемен бағаланады. Дұрыс жауап екі ұпай, қате жауап нөл ұпай.
1. Кітап, портфель, чемодан, әмиян.
2. Пеш, керосин, шырақ, электроплиткасы.
3. Сағат, көзілдірік, таразы, термометр.
4. Қайық, қол арба, мотоцикл, велосипед.
5. Ұшақ, шеге, ара, желдеткіш.
6. Көбелек, штанггенциркуль, таразы, қайшы.
7. Ағаш, этажерка, сыпырғыш, айыр.
8. Ата, мұғалім, ана, әке.
9. Қырау, шаң, жаңбыр, шық.
10. Су, жел, көмір, шөп.
11. Алма, кітап, тоң, раушан.
12. Сүт, қаймақ, ірімшік, нан.
13. Қайың, қарағай, жеміс, емен.
14. Минут, сағат, секунд, кеш.
15. Ақерке, Айдын, Зульфина, Баубекова.
Сараптаманың жауап парағына сүйенетін болсақ.
1. Кітап 2. Шырақ 3. Көзілдірік 4. Қайық 5. Ара 6. Көбелек 8. Ағаш 9. Шаң. 10. Жел 11. Алма 12. нан13. Жеміс 14. Кеш 15. Баубекова.
2. Есте сақтау қабілетін дамыту: «Көріп, есіңе сақта!»
Балаға суреттер беріледі. Оларға қосымша сурет салынбаған қағаз беріледі. Таза параққа көрген суретін салу керек. Сол салынған суретке байланысты оның көре отырып есте сақтауын анықтаймыз. 1 минут.
3. Шығармашылық қабілеттерді дамыту.
«Өз ойыңнан сурет сал» тапсырма.
Оқушылар ерекше, ғажайып көбелектің бір суретін салуы керек.
Нәтижесін шығару.
III. Қорытынды
«Мен бүгіннен бастап...» (кітап оқимын, т.б) сөзді аяқтау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі