Өлең, жыр, ақындар

Достық үйі

Педагог-психолог: Дүйсенбай Салтанат Турсынғалиқызы
КМКҚ «№45 бөбекжай-балабақшасы»

«Достық үйі» тренинг

Мақсаты:  Балалардың достық туралы білімдерін  кеңейте отырып, адамгершілік қасиеттерге үйрету. Сыйластық, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, қорытынды.

Қажетті құралдар: Бейнетаспа, үнтаспа, дайын суреттер дәптер.

Сөздік жұмыс: Достық, мейірімділік, жолдас,

Жеке жұмыс: Балаларға достық туралы үйрету.

Сабақ барысы: Амандасу рәсімі: Амансың ба Алтын күн!

Амансың ба Көк аспан!

Амансың ба Достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Балалар бір-бірімен күлімдеп амандасады .

Психолог: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Достық туралы тренингімізді бастайық! Кәнеки балалар шаттық шеңберіне тұрайық, бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік (балалар бір-біріне жылы лебіз білдіру сәті) .

Әр сабақта әр түрлі шаттық шеңберін жасауға болады, бірақ тақырыпқа орай алынуы тиіс. Мысалға достық тақырыбындағы сабақтың шаттық шеңбері достыққа арналады. Лебіздерін гулмен шармен жалғастыра отырып білдіреді.

Психолог: Балалар сіздердің достарың бар ма? (психолог достық туралы өзі түсінік береді.

Достық ол үлкен бір күш, қасиет. Достық адамдардың арасындағы бір-біріне деген сенімділік. Олар бірін-бірі дұрыс түсіне алады. Адамның екі немесе көп достары болады. Бір-бірілеріне достар ешқашан жамандық жасамайды. Бір-біріне әрқашанда көмекке келеді.

Психолог: Балалар енді осы достық туралы әңгіме тыңдағылырыңыз келеме? Олай болса «Құмырсқа» атты М.Байділдановтың әңгімесін оқып берейін мұқият тыңдаңыздар.

Баяғыда бір құмырсқа өз қандастарына өкпелеп, кетіп қалып, ара, қоңызбен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алады. Жалғыз өзі әуреленіп түк қозғалта алмайды. Енді көмек сұрау үшін достарын іздеді. Гүлдің нәрін жинап жүрген араға жолығып...

- Досым, маған көмектесіп жібер, жалғыз өзімнің әлім келмей жатыр - деп өтінді.

(Мәтінді оқуды тоқтату)                            

Психолог: Балалар қалай ойлайсыздар ара құмырсқаға не деп жауап берді екен?

Балалардың ойлану сәті (әңгімелесу)

Психолог: Балалар әңгімеде әрі қарай не болды екен соны сендерге оқып берейін.

- Көрмей тұрсың ба?! Мен де жұмыс істеп жүрмін ғой, - деп ара оған қайрылмай қойды. Енді құмырсқа қоңызға келіп одан көмек сұрады...(әңгімені тоқтату)

Психолог: Балалар қоңыз не деп жауап берді құмырсқаға?

Балалардың ойлану сәті (әңгімелесу)

Психолог: Балалар әңгімені әрі қарай оқиын сіздер мұқият тыңдаңыздар.

- Сен үшін еңбегімді еш қыла алмаймын! – деп, қоңыз «досы» қиын домалатып кете берді. 

Екі досынан күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің илеулес достарымен кездесті. Олар мұның жабырқаңқы түрін көріп:

Психолог: Балалар илеулес достары не деді.

Балалардың ойлану сәті (әңгімелесу)

Психолог: Балалар әңгімені оқуды жалғастырайын оқиғаның соңы неден аяқталды соны білейік.

- Не іздеп жүрсің? - деді. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтты. Достары көмектесіп, дәнді бірігіп сүйрелеп алып жүрді. Ақыр соңында адасқан құмырсқа қайта өз үйіріне қосылды. ( Балалар достық туралы әңгімедегі жағымды жағымсыз қылықтар туралы әңгімелеп айтады).

Сергіту сәті: Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға, солға қарап біз

Достық жолын табайық (2 рет)

Көңіл-күйді көтеру немесе тыныштықта болу. Тыныштықта болу әуенді тыңдату арқылы елестету немесе өзімен өзін қалдыру сәті. Балаларға ойлануға елестетуге қиялдауға жетелейтін тәсіл. Баяу әуен ойналып тұрады.

Психолог: Сылдыр, сылдыр сылдырмақтар.

Шыңғыр, шыңғыр шыңғырлақтар

Шыңғырлайды сыңғырлақтар,

Былдырлайды балдырғандар!

1, 2, 3 балалар көздерін жұмады.

Психолог: Балалар көз алдарыңызға өз достарыңмен орман ішін аралап жүрміз деп елестетейікші. Орман исі қандай тамаша! Терең демалайықшы. Күлімдеген, шұғылалы күн сәулесін төгіп тұр. Аралар мен көбелектер жұпар исі аңқыған гүлдерге ұшып, қонып жүр. Ағаштар сендердің келгендеріңді естіп, бұтақтарын шайқап тұр. Құстар ән салып бір-бірімен әңгімелесіп отыр. Әдемі гүлдер жайқалып өсіп тұр. Балалар көңіл-күйлеріңнің түсіне сәйкес гүлді таңдап алып, оны естеріңе сақтаңдар. Енді бізге қайтуға тура келеді.

Сылдыр, сылдыр сылдырмақтар.

Шыңғыр, шыңғыр шыңғырлақтар

Шыңғырлайды сыңғырлақтар,

Былдырлайды балдырғандар!

1, 2, 3 көздерімізді ашамыз.

Шығармашылық тапсырма: Өз достарыңмен орман ішіне барған көңіл күйлеріңнің түсіне сәйкес, осындағы дайын материалдардан әдемі гүлдерді таңдап алып, оны дайын орман суретіне орналастырыңдар.

Психолог: Балалар қандай гүлдерді орманға апарып ілдіңдер. Неліктен ол түсті досыңмен бірге таңдадың. (балалардың әңгімелесу сәті)

Жүректен жүрекке

Бала өзінің шаттық шеңберіндегідей жылы лебізін досына, отбасына, өмірге, өзіне табиғатқа білдіруі мүмкін. Бұны ән арқылы да, тақпақ арқылы да өткізуге болады.

Психолог: Мен өзіме туыстарыма анама кішкентай достарыма денсаулық тілеймін. Ал балалар сендер өз достарыңа, ата-аналарыңа не тілейсіңдер?

- Балалардың бір-біріне тілектері. 

Қорытынды:

Отбасымыз аман, деніміз сау болсын!

Ата-ананы тыңдайық,

Айтқанынан шықпайық.

Ал, достарды қолдайық

Қиын шақта қорғайық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар