Қысқа мерзімді жоспар
Білім беру ұйымының атауы: |
№16 И.В. Панфилов жом |
||
Пәні: |
Химия |
||
Бөлім: |
9.1 С Химиялық реакция жылдамдығы |
||
Педагогтің аты-жөні: |
Жанар Балышева |
||
Күні: |
12.10.2022 жыл |
||
Сыныбы: 9 |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы: |
Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар. № 2 көрсетілім «Әртүрлі реакциялар жылдамдығы»; № 6 зертханалық тәжірибе «Реакция жылдамдығына температура, концентрация мен бөлшектер өлшемінің әсері» |
||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары: |
9.3.2.1 реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру; 9.3.2.2 реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру |
||
Сабақтың мақсаты: |
1. Химиялық реакциялардың әр түрлі жылдамдықпен жүруін түсіндіреді. 2. Химиялық реакция жылдамдығының өзгерісін талдайды. 3. Химиялық реакция жылдамдығына температура, концентрация және бөлшектер өлшемінің әсерін зерттейді. |
||
Бағалау критерийлері: |
1. Химиялық реакциялардың әр түрлі жылдамдықпен жүретінін біледі. 2. Химиялық реакцияға түсуші заттардың концентрациясына тәуелділігін анықтайды. 3. Химиялық реакция жылдамдығына температура, концентрация және бөлшектер өлшемінің әсерін зерттей алады. |
||
Ойлау дағдыларының деңгейі: |
Қолдану |
||
Алдыңғы білім:
|
7.1B Периодтық жүйеге кіріспе 7.2А Жану реакциясы 8.2B Химиялық реакция жылдамдығы |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
4 мин. |
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. ә) Жағымды ахуал туғызу. б) Топтастыру |
Оқушылар бір-біріне келесі оқушының 1 жақсы қасиетін айтады. Сыныпта ахуал жақсарған соң оқушылар берілген суреттерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді. Әр топ өзіне топ басшысын сайлап, топқа таңдаған суреттері бойынша ат қояды. |
ҚБ: қол шапалақтау арқылы қошемет көрсету. |
1-топ
2-топ
3-топ
|
||||||||||||
Алдыңғы білімді еске түсіру 2 мин |
«Ыстық картоп» әдісі арқылы алдыңғы білімді еске түсіру.Бұл әдіс оқушылардың ойын қозғауға, жылдам ойланып, жауап беруіне негізделген.
«Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлар» тақырыбына байланысты бірнеше сұрақтар қойылады:
«4 сурет 1 сөз» әдісі бойынша сабақтың тақырыбын ашу
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Берілген сұрақ бойынша өз жауаптарын жылдам қорытып айтуға үйренеді. Сұрақтар: 1.Баяу реакцияларға мысал келтір? 2.Кинетика нені зерттейді? 3. Өршіткі реакция жылдамдығына әсер етеме? 4.Жылдам жүретін реакцияларға мысал келтір. 5. Шіру процесі қандай реакцияға жатады? Миға шабул сұрақ: - Бұл төрт суретті бір-бірімен не байланыстырады? Жылдамдық |
Дескриптор 1.Баяу реакцияға мысал келтіреді-1балл 2.Кинетика ұғымын түсіндіреді-1балл 3. Жылдам реакцияға мысал келтіреді-1балл
ҚБ: Стикерлер арқылы бағалау
|
Оқулық, ДК экраны, Стикерлер Суреттер |
||||||||||||
Сабақтың ортасы Топтық жұмыс 6 мин |
Мұғалімнің түсіндірмесі. Біз,бүгінгі сабағымызда химиялық реакцияның жылдамдығы және оған әсер ететін факторларды зерттейтін боламыз.
ТЖ:1-тапсырма. «Мағынаны тану»
Қосымша сұрақтар: 1.Кинетика деген не? 2. Реакция жылдамдығына әсер етуге бола ма? 3. Қандай факторларды атауға болады?
|
Бейнежазбаны қарап шыққан оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. 1-топ Сұрақ-1 Дұрыс тұжырымдарды тап. а) Қысым сұйық фазада жүретін реакция жылдамдығына газ фазасындағы реакциялардағыдай әсер етеді. в) Қысымның төмендеуі реакция жылдамдығының баяулауына алып келеді. с) Қысым газ фазасында жүретін соқтығысулар санына әсер етеді. д) Реагенттер концентрациясы қысым жоғарлауымен өзгермейді. 2-топ Сұрақ-2 Жылдамдығы жанасу бетінің ауданын арттыруға тәуелді емес реакция мына заттар арасында жүреді. А) оттек пен азот (II) оксиді в) күкірт пен сутек С) фосфор мен оттек Д) магний және азот қышқылы 3-топ Сұрақ-3 Темір мен тұз қышқылы арасындағы реакция жылдамдығы қандай жағдайда кемиді? А) темірді ұнтақтағанда в) қышқылды сұйылтқанда С) температураны арттырғанда д) қышқыл концентрациясын арттырғанда |
Дескриптор - кинетика нені зерттейтінін біледі.-1балл -химиялық жылдамдыққа әсер ететін факторларды анықтайды.-1балл -жылдам және баяау реакцияларды ажыратады.-1балл
ҚБ Мадақтау арқылы. «Жарайсың» «Жақсы» «Талпын» |
Интернет-ресурсы, слайд
https://www.youtube.com/watch?v=rnpDCfToP3o -химиялық реакцияның жылдамдығы
Презентация |
||||||||||||
Жұптық жұмыс
5 мин. |
ЖЖ:2-тапсырма «Кестемен жұмыс» Оқушылардың жұптық жұмыста шынайылылық пен достық қарым-қатынастарын нығайтып. Бейне жазбадан көргенін кестеге түсіру және дұрыс-бұрыстығын ажыратып сипаттама беруге негізделеді.
Дәптерге жазған жұмысын жұбына тексертеді. Назар аударыңыз: Қауыпсіздік ережесін сақтаймыз. |
Бейнежазбадан Оқушылар шапшаң және баяу реакцияларды көреді «Кестемен жұмыс жасау» Көрсетілген екі тәжірибеден химиялық реакциялардың жылдамдығын бақылап кестені толтырады. № 2 көрсетілім "Әртүрлі реакциялар жылдамдығы" Жұмыс барысы: Оқушыларға әр түрлі реакцияларды көрсету. 1. мыс (II) сульфаты мен калий гидроксиді мыс сульфатының шапшаң көгілдір шөгіндісін береді. 2. натрий тиосульфаты ерітіндісіне тұзды қышқылдың бірнеше тамшысын қосыңыз. |
Дескриптор -Байқалған құбылысты талдайды. -1балл -реакция жылдамдығын өзгеретінін біледі-1балл ҚБ: «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!». |
Экраннан https://bilimland.kz/kk/#lesson=10255 – шапшаң және баяу реакциялар Интернет-ресурсы Презентация Кесте |
||||||||||||
Сергіту сәті 5 минут |
«Активити» ойыны Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлар: 1. жанасу ауданы
Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторларды бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру үшін активити жүргізіледі. Бұл активити арқылы оқушылар тек серігіп қана қоймай, сонымен қатар бөлшектер теориясын түсінеді. Бұл ойынға 5 оқушы және үлкен және кіші радиустағы шеңберлер (кольцо) қажет. Ескерту. Ойынға қатысушылардың санын сынып оқушыларының санына байланысты икемдеп алуға болады. Сақиналардың орнына оқушылардан шеңбер жасауға болады. Активити. Еденге шеңбер қойылады және осы шеңбердің ішіне 3 оқушы бір-бірімен соқтығысып жүруге немесе жүгіруге болады, қанша соқтығыс болғанын анықтайды. |
1-қадам. Шеңберге тағы бір қатысушыны қосып, көп бөлшектер болған кезде қанша соқтығыс болғанын көріңіз. Қандай қорытынды жасай аламыз? (концентрация) 2-қадам. Еске сала кетейік, еден «лава», сондықтан қатысушылар жылдамдықпен жүгіреді немесе қозғалады. Соқтығысу жиі бола ма? (температура) 3-қадам. Ортаға тағы бір қатысушы шығып, шеңбердегі оқушыларды бір-бірімен соқтығыстырып, басқаларды тартып немесе басу керек. Сонымен, осы қатысушының мақсаты қандай? (катализатор) 4-қадам. Ортадағы шеңбердің радиусын кішірейтіңіз (көлем, демек, қысымның артуы), не болып жатыр? Соқтығысу көп бола ма? (қысым) Қорытындылай келе реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар қанша? Қандай факторлар бар? |
Дескриптор
1.концентрацияны анықтайды-1 балл 2. температураны анықтайды-1 балл 3.Катализатор әсерін біледі-1 балл 4. Қысым айырмашылығын біледі- 1 балл. |
Интернет-ресурсы үлкен және кіші радиустағы шеңберлер (кольцо) қажет
Слайд Сағат секунт |
||||||||||||
Топтық жұмыс 13 мин Жұптық жұмыс |
ТЖ:3-тапсырма «Кім зертханашы» №6 Зертханалық жұмыс « Реакция жылдамдығына температура,.концентрация мен бөлшектер өлшемінің әсері Оқушыларды 3 топқа бөліп, 1- топқа Реакцияның жылдамдығына температураның әсерін, 2-топқа концентрацияның әсерін, 3-топқа бөлшектер өлшемінің әсерін зерттеуге арналған зертханалық жұмыстың тапсырмалары беріледі. Лабораториялық жұмысты бастамас бұрын оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелерін қайталап, қауіпсіздікті сақтайық |
Оқулықпен жұмыс Жұмыстың барысы: Берілген тапсырма бойынша тәжірибе орындайды. Өзіндік ойын тұжырымдайды сұрақтарға жауап береді.
1-тәжірибе Газ немесе сутектің бөліну жылдамдығын бақылаңыз. 2-тәжірибе .Қай сынауықта сутектің бөлінуі шабытты жүретін анықтаңыз. 3-тәжірибе .Қай сынауықта реакция жылдам жүретінін салыстырыңыз.
Берілген кестені Шапшаң,баяу сөзімен толықтырады. Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторларға қорытынды жасайды. |
Дескриптор: 1. Газ немесе сутектің бөліну жылдамдығын бақылай алады-1 балл 2.Қай сынауықта сутектің бөлінуі шабытты жүретін реакцияны біледі-1балл 3.Қай сынауықта реакция жылдам жүретінін реакцияны ажыратады-1 балл
|
9-сынып оқулық Қосымша 1 Концентрлі тұз қышқыл,сұйылтылған тұз қышқылы, Мырыш, Алюминий түйірі және темір түйірі мен ұнтағы.
Сынауықтар Спирт шам Қысқыш
|
||||||||||||
Сабақты бекіту Жеке жұмыс 2 минут
|
ЖЖ:3-тапсырма «Иә, жоқ» әдісі Берілген тапсырма оқу мақсатына қол жеткізу мүмкіндігін арттыруға негізделеді.
|
4-тапсырма Берілген сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. А.Темірдің тот басуы баяу жүретін реакция. Ә. Сүттің ашуы жылдам жүретін реакция. Б. Мұздың еруі жылдам жүретін реакция. В. Судың қайнауы баяу жүретін реакция. |
Дескриптор: 4-тапсырма бойынша әр дұрыс жауапқа 1 балл.
А. 1 балл Ә. 1 балл Б. 1 балл В. 1 балл |
Интернет тақтасы. Слайд
|
||||||||||||
Сабақтың соңы Кері байланыс 3 мин
Үйге тапсырма
Бағалау |
«Мұғалімге жеделхат» әдісі арқылы бүгінгі сабақта білімдері бойынша кері байланыс береді: Мен бүгін ...... білдім Мен ..... жақсы меңгердім Маған ..... қиындық тудырды. Мен ..... үйренгім келеді. Сабақтағы белсенділіктеріне және тапсырмаларды орындау қабілеттеріне қарай бағаланады
Үйге тапсырма беріледі. 15-16 тақырыпты оқу. 60-беттегі 3-тапсырманы орындау |
Бүгінгі сабақта алған білімдері бойынша қорытынды жасайды.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға негізделген тапсырма. Неліктен көкөніс-жемістерді тазалағанда тез тотығатын металдан жасалған (темірден, мыстан) пышақты қолдануға болмайды?
Тапсырмалар бойынша жинаған баллдары пайыздық көрсеткішпен есептеліп бағаланады |
|
Интер тақта. Слайд. Стикерлер |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі