Өлең, жыр, ақындар

„1 қазан халықаралық қарттар күні“

„1 қазан халықаралық қарттар күні“

 Қашанда үлкенді сыйлау-біздің ата салтымыз.Қазақ халқының өшпес мұрасы-қариялар.„1 қазан-халықаралық қарттар күніне“ орай,Абылай хан мектеп лицейінің 11 сыныптар арасында „Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып...“ атты кеш өткізілді. Кеш қонақтары мемлекетке еңбегі сіңген Жаңатас қалалық ардагерлер ұйымының қоғамдық бірлестігінің төрағасы Орынбаев Жұмали, және ардагерлер ұйымының қоғамдық бірлестігінің мүшелері Нұрбеков Оралбек, Ярашов Тоймұрат, Басшов Шегірбай қарияларымыз келді. Оқушылар қонақтардың көңілін аулап өздерінің жүректен шыққан арнаулары мен әндерін ұсынды. Қариялар болашақ түлектерге тіл ұстатарлықтай өсиеттерін айтты. Тек өсиет қана емес, сыни пікірлерімен тілімізді тұмар етіп, тынысымызды ашатын ақылдарын ортаға салды. Жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, тарих сахнасына бір көз жүгіртіп өтті. Болашақ түлектердің алғашқы қадамдарына орай мамандық жайлы ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды тақырыптарды көтерді. Бұл ақпараттар болашақ түлектерге пайдалы болды. „Әзілін жарасса -атанмен айна”демекші қариялар мектеп қабырғасындағы қызығы мен шыжығы болған естеліктерді айтып бір марқайып қалды. Кеш соңында ақ буынды қарияларымыздан ақ бата сұрап,ізгі тілектер айтылып,кішігірім кәдесый табысталды.


Пікірлер (1)

synasasyl5

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз