Өлең, жыр, ақындар

С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Бәйдібек ауданы

О.Орманов атындағы жалпы орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Ахатаева Мадина Борашқызы

 

Сыныбы:  9     

Сабақтың тақырыбы:  С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы

Сабақтың мақсаты:    

Білімділік: С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдете отырып, «Қамар сұлу» романы көтерген әлеуметтік мәселе, кейіпкерлер  дүниесі, романның қазақ әдебиетіндегі  маңызы мен ерекшелігіне талдау жасату.

Тәрбиелік: Кейіпкерлер іс-әрекетін талдай отырып, жаманнан жиреніп, жақсыдан үлгі алуға, достық қасиеттерін бағалай білуге, адамгершілікке, қайырымдылыққа, алдына қойған мақсаты үшін күресе білуге тәрбиелеу. 

Дамытушылық: Оқушының шығарманы талдап, кейіпкер іс-әрекетіне баға бере білуін, ойын жүйелі баяндай білуге дағдыландыру, өзіндік өмірге деген  көзқарасының қалыптасуына ықпал ету.

Сабақтың типі: бекіту.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО әдістері, сұрақ-жауап, баяндау, мәтінмен жұмыс, тұжырым кестесі, проблемалық сұрақ.

Сабақтың  көрнекілігі: слайд беттері, флипшарт, стикерлер, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, дайындығына назар аудару, сыныпты үш топқа бөлу, психологиялық дайындық.

          І. Қызығушылығын ояту.

1. Өткенге шолу жасау. Концепциялық карта арқылы ақын өмірбаянын баяндау:

ІІ. Мағынаны  тану.

1.Шығармашылық топтық жұмыс С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы

1-топ Романнан үзінді көрсету,

2-топ Ақын шығармашылығына таныстырылым жасау,

3-топ «Қамар сұлу» романына сатылай кешенді талдау жасау. /баяу ән қойылып тұрады/

2. С С.Торайғыров «Қамар сұлу», М.Дулатов «Бақытсыз Жамал», С.Көбеев «Қалың мал», романдарындағы әйелдер бейнесін салыстыру          

 

 

Қамар

Жамал

Ғайша

Қорытынды

шешімі

-шыққан  ортасы

 

 

 

 

-алған тәрбиесі

 

 

 

 

-сырт  келбеті

 

 

 

 

 

Ғайша

Кедейдің қызы, сүйгеніне қосылады.

Қамар

Байдың қызы Жорға Нұрым алып қашады.

Жамал

Орта дәулетті отбасынан шыққан, Ғали қайтыс болған соң, Байжанның босағасына еріксіз барады.

3.Сергіту  сәті /слайд беттері/

4. Проблемалық сұрақтар

1/ «Қамар сұлу» романындағы жағдайлар қазіргі кезде бар ма?

2/ Романнан қазақ қыздарына тән қандай қасиеттерді көруге болады?

   -Міне, балалар, біз роман мазмұнымен таныстық. Енді романдағы кейіпкерлердің  іс-әрекетіне  қарап,  жан-жақты ой саралап көрейікші.

ІІІ. Ой-толғаныс кезеңі.

    1. Жаңа сабақты бекіту мақсатында «Төрт бөлімді тұжырым күнделігі» толтыртамын

Кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге баға

Қамар

өте жоғары,пәк сезім

ынталы,мейірімді

жоғары

Ахмет

адал,болашаққа үмітпен қарайды.

бауырмашыл

жақсы

Омар

өте жақсы,болашағы зор.

мейірімді

жақсы

Жорға Нұрым

түсінігі нашар,өмірге қызығушылығы төмен.

дүниені көбірек ойлайды,

пасық,надан

нашар

  

  2. «Диаманта» әдісі. С.Торайғыров бойынша жеті жолды өлең

1.Зат  есім /1/

2.Сын  есім /2/

3. Етістік /3/

4. Сөз тіркесі /2/

5. Етістік /3/

6. Сын есім /2/

7. Зат есім /1/

ІV. Қорытынды

   1. Оқушы білімін бағалау,

   2. Рефлексия жаздыру.

   3. Үйге тапсырма:

1-топ. Егер Қамардың орнында болсам, қиындықты былай  жеңер едім.. тақырыбында ойтолғау жазу.

2-топ. «Ақын есімі-ел есінде» тақырыбында эссе жазу.

3-топ. Шығармадан ұнаған үзінді жаттау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз