Жарылу – Қалижан Бекхожин

Бұл бетте «Жарылу» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1329
Алып таудай жарылған
Аулақта жер тітіреп,
Айлы түнде адырдан
Шықты гүрсіл күркіреп.
Қопарылып Қараадыр,
Көкке шықты құм тулап.
Діріл қағып дала тұр,
Шатырлаған күй тыңдап.
Ақсақ Әлім сыналап,
Жатыр еді дуалды.
Сескене қап:— Снаряд!
Деді де, тез қуанды:
— Қандай қызық! Өр құмда,
Белдер жатыр бұзылып.
Шалқиды кеп орнында,
Құм қопарса взрыв.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері