Сол бір кеш тілге келгенде – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Сол бір кеш тілге келгенде» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3536
...Сол бір кеш тілге келгенде
Сертіңді сезгем мен сенің.
Кемесі – сенім кеудемде,
Көтерші, бақыт желкенін!
Ондағы шөптер қурады
Сан жылдың аштық есігін
Өнер мен өзің туралы
Тербеймін ойдың бесігін
Жас өмір гүлдей көктеді,
Бұлбұлдай сайрап ұш, өлең.
...Болсам да жұлдыз көктегі
Сен үшін жерге түсер ем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері