Өлең, жыр, ақындар

Суыртпақ

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1333
...Маңдайы оның өткен өмір қолжазбасы – бәрі мұң,
Сол жазуға жетілік шам түсіретін жарығын.
Сөнер сәуле қалтылдайтын, қалтылдайтын әжем де,
Қалтылдаумен өткізіпті ол өмірінің жарымын.

Қатқан шерін жібітуге қоятын ол су ұрттап,
Су ұрттап ап әлсін-әлсін суыратын суыртпақ.
Ала шыттың жыртындысы ала жіптер туатын,
Бүкірейген саусақтардың сарқып барып қуатын.

Кәрі қабақ бір жадырап, бір жадырап бір сынып,
Кәрі кеуде тыныстайтын бір басылып, бір шығып.
Ала жіптер көбейетін, сол ала шыт шетінде
Отырғандай сезілетін тістескен бір тіршілік.

О, тіршілік... сол адамдар жүріп өткен жолдармен
Жүрем мен де бетімде әзір әжімім аз болғанмен.
Көңілімнен сол бір шыттай суыртпақтап тартам жыр,
Қарттық емес, сараңдықтан қалтыраған қолдармен!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір күрсінген шағымды көтерер ең ой етіп

  • 0
  • 0

Бір күрсінген шағымды көтерер ең ой етіп,
бір жымиған шағымды өткізер ең той етіп,
Қияр едің бәр-бәрін жалғыз сөзім үшін сен —
О, дариға-ай, мен жазған жалғыз сөзге түсінсең!

Толық

Машқар-ата

  • 0
  • 0

"Бет күймесін таңда машқар күнінде –
дейтін қария, — бір тергеу бар түбінде
Белгісіз бір үрей туып үнінде,
бұны айтқанда кететұғын дірілдеп.

Толық

Петефи

  • 0
  • 0

Қайда, дедім, Петефидің моласы —
Мадьяр дос таңданғаннан үқпай түк,
жыпық қаққан жанарымен бітті
айтып тарихтың бетінде жоқ бір сырды;

Толық

Қарап көріңіз