Қызыл қала – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Қызыл қала» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1437
Қызыл қала, қыз қала,
Шежіреге толы тағдырың.
Өзің жәйлі кең дала,
Тебіреніп айтты мұң.
Зейін салып тыңдасам,
Кеудең толы өкініш.
Етегіңе сұм дұшпан,
Салған екен бекініс.
Орнатыпты зеңбірек,
Билеу үшін қазақты.
Ал, сен болсаң еңіреп,
Бастан кештің азапты.
Зар болған соң япырма-ай,
Ұлдарыңның исіне.
Жейделерін жасырмай,
Басыпсың-ау, төсіңе.
Қиналсаң да ту ұстап,
Ата-жұртты сүйіп шын.
Топырағыңды уыстап,
Ерлеріңді күтіпсің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері