Өлең, жыр, ақындар

Ақын үні

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1322
Мен өзіңнің кішкентай лағың едім,
Асыл әже, басыңа тағы келдім.
От кеудемде ұлы арман бұлқынады,
Ақтасам деп үмітін қалың елдің.
Қимасым боп кеудемде жүрсің әлі,
Сыйға тартып өзіңе асыл әнді.
Көз алдыма елестеп сен апарған
Шағын мектеп базардың басындағы.
Сүрлеу жолмен сен өзің жетектеген,
Сырымды айтып кезім жоқ жыр төкпеген.
Жүргендейсің жанымда, ұлы ұстазым,
Жылу төгіп мейірлі жүрекпенен.
Жоғалтпасқа киелі бағаларың,
Қасиетін қастерлеп бабалардың.
Өзің берген демменен,асыл әже,
Бәрін,тегіс түгелдей араладым.
Бұлағынан сусындап мөлдір тұнық,
Іздерінен жырыммен желкен құрып,
Өсиеттерін хат қылып жырмен жазып,
Әрбір сөзін Пір тұттып,қанатқа іліп.
Нұр шуағы тигендей маңдайыма,
Бір тіл қатшы,ақ әже,торғайыңа.
Қанша сапар жол шегіп,ел кезгенмен,
Сен пісірген таба Нан таңдайымда.
Сүйікті әнің жаныма мұра қылған,
Бесік жырың кетпестен құлағымнан
Шат күндерді толғанып есіме алып,
Саған келдім,ақ әже,қуанғаннан,
Әже десе кім сірә елжіремес,
Өн бойымда теңіздей тулаған ән.
Ұлы болғың келсе,ұлым,ұлтыңды сүй,
Деген сөзің жанымда жалау болған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ғұн патшасы Аттиланың өсиеттері

  • 0
  • 0

Ғұн ұрпағы тумысынан күрескер,
Сені күтіп алда тұр ғой ұлы істер.
Өсиетімді ақ жол тілеп айтайын,
Қабыл алсаң қашпас сенен жеңістер!

Толық

Ақ төбе мен Қарасай батыр

  • 0
  • 0

Балғын кезде қиялшыл ғой әр бала,
Келбетіне әсемдіктің таңдана.
Сұрақ қойды ойда жоқта немерем,
Ойға батып күлімсіреп жәй ғана.

Толық

Қозғара мен Махамбет

  • 0
  • 0

Қаншама іздеп қажытқанмен жол атын,
Мен атамның таба алмадым зиратын.
Қай түкпірде қайда қалды белгісіз,
Қансыратып қыран тектес қанатын.

Толық