Жеңге әзілі – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Жеңге әзілі» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3024
Көрмегелі еркеңді,
Болды-ау жүзі бір айдың.
Сылқыс жігіт, өзіңді,
(Болу керек төзімді),
Жүдеткен бе, шырайлым.
Нәзік халық болады,
Қыз дегенің қайным-ай,
Шын берілсе сертінен,
(Күймей өсек өртіне),
Шығатұғын айнымай.
Аты аталса қалқаңның,
Жанарыңның жайнауын.
Үйленсейші тезірек,
(Қыз жүргенде өзі кеп),
Келіп-ақ жүр тойлағым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері