Жүріп келем шыңдарым көп аспаған – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Жүріп келем шыңдарым көп аспаған» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3399
Жүріп келем шыңдарым көп аспаған,
Сапарым бар ұзақ жолға бастаған,
Қол бұлғаған асқақ ән.
Қырандарша самғап биік түлегім,
Келген әсте ұл едім,
Кең дүние, есігіңді аш маған.
Бұла күші бұлшық етте ойнаған,
Қызығыңа, шаттығыңа тоймаған.
Жаңа бүршік жарған Гүлің болар ем,
Құпияңа құштар едім, алаң ем,
Кең дүние, құшағыңды жай маған.
Шығам соған, шыңдарым көп аспаған,
Жігерім бар ұзақ жолға бастаған.
Кең дүние, саған кінә тақпайтын
Ақ бетіңе қара күйе жақпайтын,
Сапарымда адал жанды дос табам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері