Мына жанар тылсым ғой, жанар емес, япыр-ау – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Мына жанар тылсым ғой, жанар емес, япыр-ау» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1142
Мына жанар тылсым ғой, жанар емес, япыр-ау,
Көріп тұрып күрсінбей болар емес, япыр-ау.
Төңкерілген қос күмбез сиқырлаған өзіне,
Төсіңдегі қос анар, анар емес, япыр-ау.
Дұрыстығын тек қана айтыңдаршы, ағайын,
Жанып тұрған бұл қызға қандай теңеу табайын.
Онсыз менің көңілім құлазыған құмды өлке,
Онсыз менің көгімде күлімдеген жоқ Айым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мына жанар тылсым ғой, жанар емес, япыр-ау өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Мына жанар тылсым ғой, жанар емес, япыр-ау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мына жанар тылсым ғой, жанар емес, япыр-ау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мына жанар тылсым ғой, жанар емес, япыр-ау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері