Ей, Шаханов! – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Ей, Шаханов!» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1130
Ей, Шаханов!
Аруақпен алыспа киесі ұрар,
Құмырысқамен белдеспес түйе сірә.
Сенбесеңіз жүгінелік Құранға,
Пайғамбар мен Патшаларды
Жібереді бір Алла!
Сол патшалар бірегейі - Шыңғысхан,
Тайпаларды бір-бірімен қырылысқан.
Мемлекетке ұйытуға жіберген,
Мол дарынмен және асқақ жігермен.
«Қанішер,– деп Ұлы Ханды,– қатал-ақ»,
Аптыққаныңмен.
«Жазушы, – деп, – жетіжүздің жетеуі-ақ»,
Шаптыққаныңмен.
Өзгелердің «енелерін» ұратын,
Сен бәрібір бола алмайсың «ұлы ақын».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері