Бәтіңкі – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Бәтіңкі» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1058
Бәтіңкі,
Бәтіңкі,
Бәтіңкі,
Тері ғой дейміз біз затыңды.
Лақтырып өзіңді АҚШ-тық патшаға.
Ирандық журналист шығарған атыңды.
Шөп басы осылай желменен ырғалды,
Әйтеуір сен жайлы ғажайып жыр қалды.
Хрущев көкеміз ООН-ның мінберін,
Өзіңмен ұрғанды.
Намысын елінің қорғамай тұра алмай,
Әріптесім сілтеді сені өткір құралдай.
Мен болсам отырмын,
Шыбын да ұра алмай..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері