Қыз көктем – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қыз көктем» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2754
Қыз көктем бойын түзеген,
Иісі жұпар бар алап.
Шалғынды кешіп тізеден,
Келеміз қырды аралап.
Қалайша қарап тұрасың,
Гүл тере барып тегінде?
Талғамай бәрін жұласың
Алқызыл, сары, көгін де.
Мен, бірақ, қалың дабырмен
Үзбеймін, тіпті үзбеймін.
Сарғая күтіп сабырмен,
Ерекше бірін іздеймін.
Ол гүлім менің ұзарып,
Ақынның өлмес жырындай,
Көңілде көктеп, қызарып,
Тұрса екен деймін жұлынбай.
Кете алмай ұзап қасынан,
Қиылып тұрып қараймын.
Арманым болып ашылған
Сол гүлге сені балаймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері