Өлең, жыр, ақындар

Тышқандардың кеңесі

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1356
Тышқандардың болғысы кеп даңқты,
Ұрғашы, еркек мысықтарды басқа ұрып,
Кілтшілер мен аспаздарды састырып,
Тек өздерін мақтатуға анық бір,
Шатырлар мен ұраларды аштырып,
Үлкен кеңес құрмақ болды қалыпты.
Келгендерде деді құйрық мол болсын,
Бойларымен тең болсын.
Құйрығы ұзын болса Тышқан неғұрлым,
Ақылдырақ соғұрлым, –
Деп Тышқандар түйінген.
Біз олардың қарамай-ақ тегіне,
Ақылдарын шамалаймыз көбіне
Сақалмен не киіммен.
Тек мынаны еске алған жөн болар:
Кеңеске кіл құйрықтылар кіреді,
Құйрығы жоқ бола қалса біреуі,
Не кестіртіп қан майданда торлаған,
Туылғаннан ақыл, икем онда оған
Қонбаған.
Кірмейді олар кеңеске,
Кіре қалса, нағыз қырсық емес пе?
Хабарланып, бітіп қыбыр-қиналыс,
Түн болғанда маң дала,
Барлық Тышқан қамдана,
Басталды сол жиналыс.
Жайғасқанда бар Тышқан,
Байқап қалып, түртіп кәрі Тышқанды,
Жас Тышқан кенеттен
Деді: «Қандай себеппен
Қатыстырдық құйрықсыз бұл дұшпанды?
Қабылдаған заң қайда?
Бұйрық бергін қуып шық деп шалғайға.
Білесің ғой, құйрықсызды ел сүймейді,
Бізге пайда бола қоймас дәл бұдан,
Құйрығына ие болмай қаңғыған
Оңбас сірә. Кеңесіміз күйрейді».
Кәрі Тышқан деді: «Оттама, білемін,
Бұл Көртышқан – жиенім».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талғампаз қалыңдық

  • 0
  • 0

Туған айдай толықсыды бойжеткен;
Күйеу жайлы ой кеткен.
Айыбы сол: менмен еді кесірлі,
Күйеу керек кәдімгідей ақылды,

Толық

Шымшық пен көгершін

  • 0
  • 0

Жауыз тұзақ бір Шымшықты қысты әсем:
Бейшара әбден тыпыршыды, болмады.
Жас Көгершін мұны көріп қорлады:
«Қалай ғана түсіп қалдың түсте сен

Толық

Малшы мен теңіз

  • 0
  • 0

Малшы тұрды мекен етіп жағаны,
Өзіне сай шағын еді лашығы.
Аздаған мал – бар байлығы, асылы,
Соны жайлап бағады.

Толық

Қарап көріңіз