Өлең, жыр, ақындар

Туыстар

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4087
Қандала мен Тарақан
Басын қорғап қарақан,
Қараңғыда безіп жүріп,
Үйдің ішін кезіп жүріп,
Қақтығысып қалды.
Бірін-бірі танымай,
Аптығысып қалды.
– Ой, кімсің?
– Сен кімсің?
– Тарақанмын.
Адамның адал асын аңдыған
Арамза балапанмын.
Орайы келсе,
Түрлі ауру таратамын.
Жалпы қасиетім –
Қараңғыны жаратамын.
– Онда, туыс екенсің,
Бірақ, қуыс екенсің.
Олай дейтінім,
Тек ас екен жейтінің.
Ал, менің атым Қандала,
Қорегім – қан ғана.
Сондықтан, адамды
Етем де дап-дала,
Қанына тойып ап,
Кетемін паңдана.
Жалғыз-ақ жауым бар,
Ол – жарық таң ғана.
Сонымен Қандала
Адамды аңқау деді.
Тарақан таласып,
Тұрғандй жаны ашып:
«Жоқ, жалқау» – деді.
Сөйтіп тұрғанда таң атты,
Алтын нұрын таратты.
Қайдасың деп қуыстар,
Тайып тұрды «туыстар».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өкініш

  • 0
  • 0

Өлтіру мен өлудің
Болғанымен мың жолы,
Өмірге екі келудің
Жоқ екен-ау бір жолы.

Толық

Айлакер

  • 0
  • 0

Тапты Болат талайдан
«Екі» алмаудың амалын.
Айла асырып ағайдан,
Шыта қояр қабағын.

Толық

Малшы мен теңіз

  • 0
  • 0

Малшы тұрды мекен етіп жағаны,
Өзіне сай шағын еді лашығы.
Аздаған мал – бар байлығы, асылы,
Соны жайлап бағады.

Толық