Мақалға сын – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Мақалға сын» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1237
Оздыртпай ағайынның сәйгүлiгiн,
Озсын деп ауылдастың тай-құлынын,
Ақ көңiл, мақалшы ата ойламапты-ау
Ағайын, бауыр, туыс қайғы, мұңын.
“Қалауын тапса, - дептi, - жанады қар”,
Түсiнер дұрысырақ саналылар.
Ар сатқан қарындасты көрген кезде
Көзiмнен бұршақ-бұршақ тамады ар.
Атанар аңшы қалай iз кеспеген?
Таниды қасты қалай сен деспеген?
Заманың жеттi, ағайын, құтылатын
Аузың дәм, мұрның иiс сезбес кезден.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері