Жағадан жұлқығанда Галбадрах – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Жағадан жұлқығанда Галбадрах» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 989
Жағадан жұлқығанда Галбадрах,
Балуандар бұлғаң етіп, қалды абдырап,
Шалғанда аяғынан, ырғап, ырғап,
Талпайтып татамиге салған бұрап,
Барын сап, бағын сынап, балпаңдаған,
Галбадырах болмақ па бар бадырақ ?
Әйтеуір, мәз боламыз медаль алсақ,
Команда аннан құрап, мыннан құрап!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері