Қарындас пен қарындаш – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Қарындас пен қарындаш» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1617
Қызыл, жасыл қарындаш,
Қызықтырар баланы,
Қарындасым Қарлығаш,
Қызық сурет салады.
Бояғанда батырып,
Сынып қалды қарындаш,
Оған қатты өкініп,
Жылап қалды қарындас.
Айттым оған : «Жылама,
Қазір қайта ұштаймыз,
Қағазға көп батырмай,
Еппен ғана ұстаймыз!»
Ұшталғасын қарындаш,
Көңілі жай табады,
Сурет салып Қарлығаш,
Алды бестік бағаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері