Кезiп жүр бiр ақ перiште қиял ғаламын – Байбота Қошым-Ноғай

Бұл бетте «Кезiп жүр бiр ақ перiште қиял ғаламын» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1257
Кезiп жүр бiр ақ перiште қиял ғаламын,
оны ажырата алмайды ешкiм де менен.
Жұматайға ұқсап мен оған күй арнамадым,
Тагордай көмек күткем жоқ кескiндемеден.
Көбейдi қазiр ұйқысыз атырар таңым,
зер төгiп шерлi,
жырымды жазамын нұрмен.
Сонетi дағы дәрменсiз Петрарканың
айшықтауға сол арудың ажарын мүлдем.
Дүрсiлдеп байғұс жүрегiм кіл үмiтпенен,
дегбiрсiз жиi соғады бүгiн асыға.
Сұп-суық сол бiр жанардың
жылынып келем
жалғанда мынау бейопа шұғыласына!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері