Ақшамда ашқан Ақандай перiге сырын – Байбота Қошым-Ноғай

Бұл бетте «Ақшамда ашқан Ақандай перiге сырын» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1304
Ақшамда ашқан Ақандай перiге сырын
оңаша қалсам,
Ай қадап желiге сұғын,
Алатау жақтан самалдың лебi келедi,
оның да қайталайтыны –
сенiң есiмiң.
Жаһанға жеттi жанымның шырылдағаны,
Құдайым бiрақ кектенiп қырын қарады.
Жырым қалады артымда жетiмсiреген,
жел өпкен гүлдей жүрегiм дiрiл қағады.
Болсам да ханның ұлындай,
қажыдым тiптен,
пендемiн бейне әзәзiл әзiлiн күткен.
Аумаймын Имру-л-Қайстан
муллақаттарын
Унейзаға арнап,
баз кешкен мәжнүндiкпен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері