Қарағай – Мүбәрәк Жаманбалинов

Бұл бетте «Қарағай» атты Мүбәрәк Жаманбалинов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2020
  • 0
  • 2
  • 4281
Жаз жасылға оранған
Қыс та ән қосқан дауылға
Бір қарағай орманнан
Әкелінді ауылға.
Тақтай етіп тілді де,
Жонды ұста сүргілеп.
Төрімде енді тұр міне
Шкаф болып сырлы көк
Достарынан бақытты,
Өкіліндей орманның.
Құшағына алыпты
Көсемдердің томдарын.


Пікірлер (2)

Аяу

Керемет бір әсерлі

Аяу

Әсерлі

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері