Мен жабықсам, сені ғана күтемін – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Мен жабықсам, сені ғана күтемін» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1415
Тозаңда да ішкі қуат болады,
Тамшының да салмағы ауыр білгенге...
Көлеңке де күш көрсетер ол да әлі,
Жаның мұздап қоя берер бір демде.
Әжем жүнін, мен мұңымды түтемін,
Ол ұршығын, мен мұңымды иірем.
Мен жабықсам сені ғана күтемін,
Өлең жазып аққулардың биімен.
Тамшының да кешірмесін түсініп,
Тұманданып бара жатты көз алдым.
Бақ-бақ гүлін үрлеп қалып ұшырып
Қорқып кеттім жәбірінен тозаңның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері