Бала махаббат

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 3634
Бала күндер,
Бала сезім, сырласып,
Сырттай ғашық болу қандай, мұңдасып?!
Орта жасқа келгенінде адасып,
Сол шақтарын іздеп жүр ау бір ғашық.
Егіздерің еркелеп жүр төріңде,
Жүрек кейде беріледі сезімге.
Жігіт болып ұлдарым жүр, япырмай,
Келін алар күнім жақын менің де.
Жанымызды түйреп жандар, таптанып,
Бала сезім санамызда сақталып.
Сен бір отау,
Мен бір отау беу дүние ай,
Екі жаққа кеткен едік, аттанып.
Бала көңіл,
Бала сезім қалғаны,
Күндеріміз ашық болсын алдағы.
Екі қайық екі бөлек жүзеді,
Ескекшінің екі бөлек арманы,
Өткен күннің еліктірген елесін,
Елестетіп жүру сол ақ, қалғаны,
Құдайәзір баянды етші бағымды,
Бұл пенденің бітер ме екен арманы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бала махаббат өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Бала махаббат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бала махаббат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бала махаббат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері