Сиқыр бұлак, көз жауқарын аласың – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Сиқыр бұлак, көз жауқарын аласың» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 915
Сиқыр бұлак, көз жауқарын аласың,
Қайдан шықтың, қайда лағып барасың?
Сар даланың саурын тіліп таспадай,
Табиғатқа тұрсың беріп жарасым.
Тау суының тыңдап күйін сылқылдақ,
Орнаттың ба жағаңа саз былқьілдақ?
Бір ғасырда бір-ақ туар дарындай,
Жапан түзден шықтың ба әлде бұрқылдап?
Шалқырсың ба қиыр асып, көл болып,
Кетерсің бе сіңіп құмға шөл болып;
Қауын-қарбыз сабағында шымырлап,
Жатарсың ба көгендеулі төл болып?
Жырың – ағын, жұмбақ жаһан – тұрағың,
Ессе самал, сыбдырлар тек құрағың.
Сылқылдаған күлкің жайлы құлаққа,
Қайсы өзеннің сіңлісі едің, шырағым?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері