Не дей алам – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Не дей алам» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 852
Тыныс – демің көз алдымда,
Ұмытқаным жоқ бір дірілін.
Бақыты үшін қияр едім
Өз жерімнің бір гүлінің.
Қандыратын жан сусынын –
Құлағымда бұлбұл үнің.
Бақыты үшін қияр едім
Өз жерімнің бір гүлінің.
Тәрізді едің арқамдағы
Егіз өрген бір бұрымым.
Бақыты үшін қияр едім
Өз жерімнің бір гүлінің.
Буынсыз тіл буулы біл,
Асау жүрек мылқау мүлде.
Не дей алсын өрісі өзге
Бағбан болсаң бөгде гүлге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері