Кім дедің – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Кім дедің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1083
Жанарым ба кінәлі жаудыраған,
Әлде неге назарың ауды маған?
Әлде мынау еңсем бе сыр білдірген,
Иығым ба тәрізді тау құлаған?
Әлде абайсыз жүзіңе қарадым ба,
Қарауымды хабарға баладың ба?
Сыр сандығым – жүрегім түбінде деп
Жүрген сырым тұрды ма қабағымда?
Тереземнен әлде сыр ұрладың ба,
Әнге ақтарып, мұң шағып тұрғанымда.
Әлде мені жансыз бір гүл дедің бе,
Кез келгеннің өсетін гүл бағында?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері