Сұлулыққа құштар көп – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сұлулыққа құштар көп» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1033
Сұлулыққа құштар көп,
Айта алмаймыз неге деп.
Ең арысы гүлге ғой
Құштар ұшқан көбелек.
Әркім-ақ қол созады
Өмірімнің бағы деп.
Сөйте тұра қара май
Құятындар тағы кеп.
«Қол жетпеген қарлығаш»
Тұрмаған соң бағы үдеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері