Өлең, жыр, ақындар

Адам едің, аруаққа айналдың

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 697
Адам едің, аруаққа айналдың,
Өзіңменен жолығуға жай қалдым.
Көз шараңа мөлдіреп жас тұнды ма,
Сұлулығы бар еді ғой Айманның.
Енді бүгін иманыңа байландым,
Көңіліме қасірет пен қайғы алдым.
Ай қорғалап, мәуіті түн мүлгиді,
Қапияда ұшырасты қайдан мұң?
Жер жасырды жамалыңды күн өпкен,
Ыңырсыған үн естідім түнектен.
Жаназаң да шықпапты ғой, әттең-ай,
Дүниеден дәл өзіңдей кім өткен?
Тағдырыңның тартқаны ма айбынған?
Мұндай өлім кездеспейді әй, мыңнан.
Селт етпейтін ешқашан да қазаға,
Тітіренді қабірің де қайғыңнан.
Жоқтамады ешкім сені аңырап,
Өзің өскен үйің қалды қаңырап.
Енді бізді жатырмысың қия алмай,
Жәннат ғұмыр қақ төріне барып ап.
Сен ол бетте, біз бұл жақта бекіндік,
Айқайласақ дауыс жетпес,
Өкіндік,
Өлгеннен соң бәрі шықты ап-айқын,
Тірлігіңде байқалмаған жетімдік.
Көтермедім қасіретті, бүгілдім,
Жанарымның жайлап алған түбін мұң.
Мәйітіңді қайта қазып алсам ба?
Құлағымда зары қалды үніңнің.
Түнде ұйқысыз, күндіз пәңгіп шер іштім.
Еш емі жоқ жүректегі беріштің.
Әлдеқашан о дүниелік анаңмен,
Сені жоқтап жалғыз өзім көрістім.
Марқұмды мен көргем жоқ қой, көрмедім,
Көз алдымда көлбеңдеді көр, кебін.
Өзіңмен де жүздеспедім, тілдестім...
Анаңменен қатар жүріп жерледім.
Өлгеннен соң оранады тән аққа,
Аруаққа айналасың заматта.
Ұшыраспай кеттік, әттең, тірлікте,
Жолығысып қалармыз ба жәннәтта?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тасынған көңіл сап тынды

  • 0
  • 0

Тасынған көңіл сап тынды,
Қорғасын сынды құйылған.
Қарашығыма қақ тұнды,
Қара су ағып миымнан.

Толық

Жүрекке титтей сағыныш салып, жыл өтті

  • 0
  • 0

Жүрекке титтей сағыныш салып, жыл өтті,
Көктем де келді: даламды қайта түлетті.
Жауды да нөсер күмісін төгіп белеске,
Қырларда гүлдер самалға елтіп дір етті.

Толық

Баппен айттың барлығын, шамданбадың

  • 0
  • 1

Баппен айттың барлығын, шамданбадың,
Содан соң-ақ жоғалды қалған бағым.
Телім-телім жүректі осып өттің,
Әнім болып кеудемде жалғанбадың.

Толық