Үп еткен лептің сыбыры – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Үп еткен лептің сыбыры» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 847
Үп еткен лептің сыбыры,
Көңілге салар саңылау.
... Көктем мен қыздың ғұмыры –
Өте ұқсас!
Жәудір, жаным-ау.
Төгілсе шуақ себелеп,
Үлбірер нәркес қауыз.
Гүл.
Ұшады көңіл – көбелек,
Тым арсыз және жауыз – бұл.
Қыз. Көктем. Көңіл – үш таған,
Біріне бірі тым ынтық.
Кім бақты қолға ұстаған?
Оңдырар маусым құбылтып.
Тістелер сосын ерінін,
Бодасы шығып алма жүз.
Кетеді көктем ... керім үн,
Тірліктен тайып ал, маңыз.
Үп еткен лептің сыбыры,
Көңілге қаяу салдырар.
Көктем мен қыздың ғұмыры,
Тек қана елес қалдырар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері