Саған қарап өзімді тәртіптейін – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Саған қарап өзімді тәртіптейін» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1068
Саған қарап өзімді тәртіптейін,
Сені бүкіл өмірден артық дейін.
Сұрақ белгі тәрізді бүгіліп ем,
Қуат берші, еңсемді ал, тіктейін!
Саған қарап өзімді шамалайын,
Қоқысына тірліктің қарамайын.
Кептірілген балықтай сүрленіп ем,
Жүрісімді түзейін, таранайын.
Саған қарап өзімді реттейін,
Бұл дүниеден армандап құр өтпейін.
Өзің барда қасымда гүлденейін,
Өзің жоқта жаңбырдай сүмектейін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері