Оқымаймын өлеңіңді дедің сен – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Оқымаймын өлеңіңді дедің сен» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1003
Оқымаймын өлеңіңді дедің сен,
Көкірегімді қаптап кетті менің сең.
Алпыс екі тамырым да тоқтады,
Жарға құлап кетермін бе шегінсем.
Шеңгеліне түстім қайғы – түрменің,
Ия қалуды, ия кетуді білмедім.
Меңзең болдым, айырылдым есімнен –
Өтірік–ау, жерде тірі жүргенім.
Кеудемдегі соңғы торғай тұншықты,
Бар өмірім кесірленді, қырсықты.
Өлеңдерім өзім еді, күл болды,
Бұзып алдым дап-дала қып тұмсықты.
Таусылғаны осы ма өмір–білтенің,
Сөніп бара жатты көкте үркерім.
Шөгіп қалдым қан қақсатқан қайғыдан,
Ал сен болсаң, қолды бір–ақ сілтедің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері