Қиқу сала шыққанда бәрі ұмтылып

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Қиқу сала шыққанда бәрі ұмтылып,
Кейін қалып қойдым ба сәл іркіліп?
Асау шабыт қалыпты аласұра,
Жанарында жап-жасыл жалын тұнып.
Ұран сала тиіс те өр тірлікке,
Ақ шабыт, аларыңды еркін бүкте!
Қайтадан саңқ-саңқ етіп самғашы бір,
Қайта шыққан қырандай еркіндікке.
Осылай айқайды бір асырып ап,
Кетейін пенделіктен қашығырақ,
Көгінде жай отындай жарқылдайын,
Бір күшпен басқалардан басымырақ.
Ұшып-ақ кетердей боп мүлде құздан,
Тақа бір таусылғанша тілдегі ізгі ән.
Көрейін қас жүйріктей аңырап шын,
Бүйірі дүбір десе күнде қызған.
Қалмайын қайдағыны жиып-теріп,
Самғайын сеніменен биікке еріп.
Тұрайын туған жерге жүрегімнің
Шырынын жомарттықпен құйып беріп.
Сен жақтан алай-түлей күркіреп күн,
Төнгенде түсі бөлек бұлты көктің,
Қалайын құлақ түріп сарынына,
Қосардай арыныма бір тың екпін.
...Халқым, мені осылай сынап түсін,
Жетпесе құйғытуға қуат-күшім,
Шырқап-шырқап барып ап,
Жоқ болармын
Бір шыңнан табаныңа құлап түсіп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиқу сала шыққанда бәрі ұмтылып өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қиқу сала шыққанда бәрі ұмтылып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қиқу сала шыққанда бәрі ұмтылып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиқу сала шыққанда бәрі ұмтылып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері