Кеудені тәкаппарлау тік ұстадық – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Кеудені тәкаппарлау тік ұстадық» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1046
Кеудені тәкаппарлау тік ұстадық,
Сонымызбен ұқпадық, ұғыспадық.
Дос та болып кетпедік серті берік,
Дұшпан болып шықпадық ұрысқа анық,
Бір үйге жарық берген екі шамдай,
Келеміз-ау,
Көңілдің оты шалғай...
Жетісе алмай келеміз дос болып та,
Қас болып та біржола кетісе алмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері