Көктемнің бұла бұлттары-ай!
Бұл бетте «Көктемнің бұла бұлттары-ай!» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Желіп те желіп жететін,
Жаяуды баяу құптамай,
Төгіп те төгіп өтетін
Көктемнің бұла бұлттары-ай!
Омырауын кере ойқастап,
Қара бір жерді қапталдай,
Аспани жақтан айқасқа ат
Арқырап келе жатқандай!
Үйірді көрсе қиырдан
Кететін көзі шатынап,
Сауырынан тері құйылған
Қайтеді-ай мынау ақымақ?
Түрінен қаһан қаймығып,
Үнінен жаһан шошынар –
Елірген ерке сəйгүлік
Еркімен кімге басылар?
Осы бір күйлі күйінде
Қарамай кəрі, жасы бар –
Дүркірей қашқан үйірге
Күркірей келіп қосылар!
Кешіксең, кезек тие ме?
Асауды ашу асырар:
Ерсілеу тұрған биеге
Екпіндей келіп асылар.
...Бірімен бірі алысып,
Тебісе келе шайнасар.
Бірімен бірі табысып,
Өбісе келе ойнасар.
Осының бəрі жерде емес –
Аллауһи əлем төрінде.
Көңілің соқса, сен де көш,
Сол болар елің, тегінде!..
...Желіп те желіп жететін,
Жаяуды баяу құптамай,
Төгіп те төгіп өтетін
Көктемнің бұла бұлттары-ай!
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі