Қайтып көрер қақпанды қатты жауып – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қайтып көрер қақпанды қатты жауып» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 662
Қайтып көрер қақпанды қатты жауып,
Ертеңіңнен жөнелдің қылмай қауіп
Сезбедің-ау, сірә, сен кеткеніңді
Жүрегімнің есігін бірге жауып.
Мейлің достас, мәңгіге мейлің жауық,
Сол есікке-ақ келерсің көңілің ауып.
Жапқан есікті ашарсың қолыңмен-ақ,
Жүрекке кілт аласын қайтып тауып?
* * *
Қара көзді көп айтады жігіттер,
Қара көзден емес кімдер үміткер!
Төңкерілген сол көздердің езі де
Тәуірлерін жігіттердің іріктер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері