Биік көп қанша көз – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Биік көп қанша көз» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 651
Биік көп қанша көз
Қызығып қарайтын.
Көп көздің бәрі емес,
Біреуі-ақ жанайтын.
Бұлт көп аспанды
Мұнартып қамайтын.
Түйіп кеп қабағын
Жауа алмай тарайтын.
Адам көп өмірде
Өзін піл санайтын.
Шынайы пілдікке
Санаулы-ақ жарайтын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері